100 мыңдай отандас зейнетақыны дер кезінде шешеді

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа орталық коммуника­циялар орталығында халықтың талап-ұсыныстары жолданды. Себебі, олардың зейнетақы қорындағы жинақталған ақшасы 10 млн. теңгеден асып кетеді екен.

Бұл жайында жақында орталық коммуни­кациялар орталығында өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті. Оның айтуынша, қазір қазақстандықтардың тең жарымының зейнетақы шотындағы қаржысы 1 млн. теңгеден көп аспайтын көрінеді. Осыған орай, Үкімет басшысының орынбасары «Біз халықаралық тәжірибені тиянақты зерттей келіп, Президент әкімшілігіне өз ұсыныс­тарымызды енгіздік. Бұл жерде ерекше айтып өтерім, барлығы жинақталған қаржы­ның сомасына байланысты болады. Өйткені, біз барлық қазақстандықтарға қартайған кезінде жайлы жағдай жасауымыз қажет. Демек, белгілі бір адам зейнетке шыққанда, оның қалтасында қалыпты өмір сүре ала­тындай ақшасы қалуы тиіс», – деп атап өтті.

Осы орайда халықтың әлеуметтік аз қамтылған осал топтарына мемлекет 327 млрд. теңге бөлген. Мысалы, осы айда атаулы әлеуметтік көмек пен кепілдендірілген әлеу­меттік пакет алушы көпбалалы отбасыларға 18 млрд. теңге бағытталып отыр екен. Соған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов: «Атаулы әлеуметтік көмек енді осы жылдан бастап тоқсан сайын тағайындалып, төленетін болады. Осыған орай, жаңа жылдан бастап отбасылардан өтішін қабылдау үстіндеміз. Бұл ретте біз желтоқсан айында қараша айына тиесілі АӘК-ті және желтоқсанға тиесілі тиісті төлемдерді аудардық. Енді азаматтар қаңтар айында құжаттарын өткізіп, оларды ақпанда ала бастайтын болады», – деді.

 

Әзірлеген – Құттыбек АЙМАХАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *