100-ден астам алматылық волонтер болуға тілек білдірген

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн сұхбат барысында Алматы қ. жоғарғы медициналық колледжінің директоры Светлана Сұлтанғазиева айтты.
Светлана Сұлтанғазиева хабарлағандай, 100-ден астам адам қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға үлес қосып, волонтер болуға тілек білдірген.
«Тілек білдірген адамдар сонымен бірге, дәрілік құралдарды жеткізуге тартылуда. Олар қарапайым персонал қатарына енеді», — деді С.Сұлтанғазиева.
Сонымен бірге, ол медициналық қызметкерлер қатарынан шыққан волонтерлардың кадрлық резервке қосылатынын атап өтті.

Медициналық мамандарды инфекциялық стационарларға бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Медицинлық ЖОО мен колледждердің түлектері үшін келесідей шаралар жүргізілуде:

1. мамандардың сертификаттарын тездетіп алуы;
2. жұмысқа қабылдауды жеңілдету (құжаттар санын азайту);
3. COVID-19 бойынша қосымша оқыту курстарын өткізу. Курсты аяқтағаннан кейін коронавирус инфекциясымен науқастанған адамдармен жұмыс істеу үшін рұқсат ететін арнайы сертификаттарды беру;
4. Студенттер үшін мотивацияны арттыру мақсатында резидентураға түсуге көмек көрсетуде жағдай жасалуда.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close