Әлем алақаныңда

Қазақстан Республикасы Мемле­кеттік орталық музейінде фото­суретші, саяхатшы Таймас Нұртаев­тың «Жер шары: қандай ғажап бұл әлем!» атты жеке көрмесі ашылды.

Ол – Бішкек қаласының тумасы, мамандығы құрылысшы. 60-жылдардан бері Алматыда тұрып келеді.

Автор 2006 жылы алғаш рет Хан-Тәңірі тау шатқалына барғанында Қазақстанның әсем  табиғатына тәнті болып, сол кезден-ақ фотосурет өнеріне деген алғашқы қадамдарын бастап кеткен. Ол әлемнің көптеген елінде болған. Фотосуретшінің  туындыларынан жер бетіндегі ең ірі шөл дала – Сахараны, әдемі аралдардың бірі – Гренландияны, тарихи Италия мен «мұзды ел» Исландияның әсерлі жерлерін көруге болады. Ал оның Қытай елінде түсірген суреттерінен Ұлттық Цзючжайгоу пар­кіндегі жасыл-сары Ли өзені, Хуанлунгтың көгілдір көлі, «ұшқыш» таулар Аватарды ерекше атап өтуге болады.

Көрменің ерекше бөлігін еліміздің көрікті жерлерінен жиналған «Қазақстан табиғатының маржандары» атты фото­жұмыстар құрайды. Онда автор, туған өлкесі мен Іле Алатауының әсем жерлерін, Алматы мен Алматы облысы аумағын, Көлсай, Хан-Тәңірі, Шарын көлі мен Шарын шатқалы, «Алтынемел» ұлттық қорығы, «Баянауыл» ұлттық саябағы, Жасыбай, Марқакөл, Бурабай, Зайсан, Қарасу, Қара­көл, Қайыңды, Үлкен Алматы өзені, Бұқтырма су қоймасы, Каспий теңізін және т.б. бейнелейтін фото­жұмыстарын ұсынған.

150-ден аса фотосурет қойылған көрме 9 мамырға дейін жалғасады. Рухани ләззат сыйлайтын көрмеге асығыңыз, ағайын!

 

Әйгерім МАРАТҚЫЗЫ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close