Әйелін сыйлаған ел – ең биік ел

Ермек  ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

 

Жаһандану саясаты қоғам өмірінің барлық саласын өзіне бағындыруды қолға алуға  жанталасуда.  Ол бүкіл адамзат баласын бір құндылыққа табындыруды көздеуде. Онда  басымдық ешкімге  берілмейді. 

Жаһандану процесі дүние жүзінде әйелдерді саяси қозғалысқа батыл және жоспарлы түрде енгізе отырып, жаңа тәртіп орнатуға  ұмтылған. Оның идеологиясын түзген Батыс әлемі «Барыңдар, өзге халықтарды үйре­тіңдер, бәрі біздей болсын, біз ұстанған құндылық­тарды үйренсін», – деген ежелгі христиандық көне прозелитизм ұстанымдарын басшылыққа алып  отыр.

Батыс идеологтарының ұсы­нысымен осы мақсатта 1992 жылы Рио-де-Жанейрода әлем­нің 190 мемлекетінің қатысуы­мен қоршаған ортаны сақтау мәселесін талқылаған, 1995 жылы Копенгагенде қоғам дамуының негізгі мәселелерін қараған және 2010 жылы Бей­жіңде әйелдердің қоғамдағы орны  мен  проблемасын тал­қылаған алқалы жиын болып өтті.

Бейжіңдегі жиыннан кейін, әсіресе, мұсылман елдерінде әйелдердің орынсыз талап қойған бей-берекетсіз толқула­ры бас көтерді. Осы толқулар­дан соң біздің елімізде де ген­дерлік саясат деген ұғым пайда болып, жер-жерлерде  жиын­дар ұйымдастырылды.

Соңғы ширек ғасырда Батыс әлемі идеологтарының ой-қия­лынан шыққан Орта Азия халық­тарына, парсы, ауған, араб, африка халықтарына демократияны желеу етіп, оның ғасырлар бойы қалып­тасқан билік ұстынына әйел­дерді араластыруда. Олар өзде­рінде жоқ демократияны сынақ­тан өткізу үшін өзге елдерге экспорттауға құмарлық танытып отыр. Соңғы  кездері  Катар, Сауд корольдігінде  әйелдердің  еркіндігі  туралы  мәселелер  бой көтеруде. Бұл мәселелер  бұрын-соңды  араб елдерінде  көтерілген емес. Мұ­ның  түбі  неге әкеліп  соғаты­ны белгісіз.

Демократия,  демократия деп өңешін  жыртатын Батыс  әлемінің  өзі қазір  оған  жол  бермейді. Мәселен, өздерін әлем­дегі ең мәдениетті елміз деп санайтын Францияда ал­ғаш­қы сайлау 1795 жылы өткі­зілген. Ал сол француз әйел­дері дауыс беру құқығына араға 160 жыл салып ие болғанын несіне жасырамыз. Егер фран­цуз әйелдері қолдарына сайлау қағазын тұңғыш рет 1955 жылы алса, қазақ әйелдері оны олар­дан бұрын ұстағанын ескергісі де келмейді.

Батыс әлемі ұзақ жылдар бойы ислам елдерінде әйел үнемі еркектерге тәуелді деп келді. Бірақ қоғамда әйелдердің басты міндеті – ұрпақ тәр­биесіне жауапты екендігін қа­періне алмады. Әйтсе де, ислам әлемінде әйелдердің демокра­тиялық жолмен билік басына келіп жатқанын ескермеді.

Мәселен, Батыс үнемі сын садағынан түсірмейтін Иран Ислам Республикасында демо­кра­тиялық жолмен вице-пре­зидент болып екі рет сай­ланып, қатарынан 8 жыл бойы билік тегершігінде болған әйел Мас­суме Эбтекарды айтқысы кел­мейді. Реформалық жаңару партиясының негізін салған Массуме кезінде Тегерандағы АҚШ елшілігін басып алған студенттер тобында белсенді көзқарастағы студент болуы­мен де танымал еді. Эбтекар қазір де Тегеран қалалық кеңе­сінің мүшесі ретінде қоршаған ортаны қорғау мәселесімен айналысып келеді. Ислам төң­керісі кезінде президент Хота­мидің әйелдер ісі жөніндегі кеңесшісі болған Шоджай ханыммен бірге елдегі рефор­маның батыл жүруіне қолдау білдіріп келеді.

Балкан түбегіндегі Косово Республикасының президенті 35 жастағы Атифет Яхьяга осы жас мемлекеттің әйелден шыққан тұңғыш президенті ретінде танымалдығы басым. Бүгінгі таңда Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы елдер арасындағы тұңғыш иығына әскери пагон таққан полиция басшысының орынбасары, генерал-майор Атифет Яхьяга жаңа Косовоны жаңғырту жолында барын салып еңбек етуде.

 

Ауғанстан әйелдерінің бет-пердесін сыпырып тастау жолында бастама көтеріп, олардың көлеңкеден жарыққа шығуына жол бастаған Анахита Ратебзад Ауғанстан үкіметін­дегі тұңғыш министр. Осының өзі Ислам шариғаттары ең қатал сақталатын жоғарыдағы елдерде ашық демократияның болғандығын айғақтайды.

 

Әйел билеген көптеген елдердің басынан құт қашып, соғыс өртінің әлі күнге дейін тыншымай отырғандары да бар. Мәселен, Бангладеш Республи­ка­сында соңғы ширек ғасыр бойы үкімет билігін алма-кезек екі әйел билеп келді. Соңы қырғи-қабаққа ұласқан билік­тің кесірінен бұқара халық зардап шегіп отыр.

Бангладеш Республика­сы­ның тұңғыш президенті, «ұлт әкесі» Муджибур Рахманның қызы шейх Хасина Вазед 1996 – 2001, 2009 жылдан бүгінгі күнге дейін Бангладештің премьер-министрі қызметін атқарып келеді. От пен өрттің жалыны­нан өткен ол осы жылдар ара­лығында бірнеше рет түрмеге де қамалды. Сыртқы күштердің арандатуымен ол өз анасы Бангладештің 1991–1996 және 2001–2006 жылдары премьер-министрі болған Халеда Зияға оппозицияда болды. Өзіне бірнеше рет қастандық жасалса да, ол билікке деген өлермен­дігінен, алған бағытынан бас тартпай келеді.

Ислам елдеріндегі билікте жүрген әйелдер өзіне жүктел­ген міндеттермен қатар отбасы тәрбиесін де ұмыт қалдыр­маған. Билікте болған Шығыс әйелдерінің отбасында 2-3-тен бала болуының өзі олардың аналық парызына жауапкер­шілік­пен қарайтынын байқата­ды. Ал бұл мәселе әлемнің өзге елдерінде басқадай бағыт алған.

Қазір Скандинавия елде­рінде еркектер отбасындағы биліктен баяғыда айрылған. Олар билікті күйттеуден де қорқады. Дания, Швеция, Фин­ляндия елдерінде, тіпті, күш құрылымдарының өзінде әйел­дер қолбасшылық етеді. Әйел­дерді жоғары лауазымды қыз­метке тартқан Еуропадағы Дания, Швеция, Норвегия, Финляндия елдерінің болаша­ғы тұман. Бір қарағанда тұрмыс жағдайы жоғары осы елдерде әйелдердің жоғары лауазымды қызметке әуестігі соншалық, олар қарапайым медбике, хатшы болуға арланады екен. Сондықтан да бұл елдерде медбикелердің еңбекақысы өте жоғары көрінеді.

 

Демографиялық жағдайлар да бұл елдерде мәнді емес. Өлім аз болғанмен, өсім жоқ. Әскер­ге баратындар мен күш құры­лымдарына қызметке шақыру­шылар саны да жеткіліксіз. Әйелдері нәзіктік пайым-қасие­тін  жоғалтқан елден не күтуге болады?

 

Әйелдерді жоғары билік­тер­ден шектеп отыратын елдер де бар. Мысалы, Ұлыбри­танияда әйелдердің билікке араласуы 13 пайыз болса, Аме­рикада ол 11 пайызды құрайды. Біреулер кезінде сол Ұлы­британияны темір Маргарет Тетчер ханым басқарды ғой деп айтуы да мүмкін. Оған да жауабымыз бар. Айтпақшы, сол темір ханым, 12 жыл премьер-министр болса да өз кабинетінде бірде-бір әйелді министр етіп тағайындамаған. Тіпті, ол өз ойын «Менің каби­нетімде бірде-бір әйел минис­трге орын жоқ» деп ашық білдірген.

Әйелін сыйлаған ел – биік ел. Бірақ 3-4 әйелді министр, тағы бірнешеуін әкім етіп тағайындау арқылы біз биік ел бола алмаймыз. Ал ұлт тәрбие­сі, ұрпақ дамуына үлес қосу арқылы биік ел бола аламыз. Мысал керек пе? Мәселен, Черчилль: «Ананың сүті сәбиге дарыған сайын, елдің экономи­касына қан жүгіреді» депті. Ағылшын премьерінің осы сөзін дәлелдеу үшін осы елдің белгілі экономисі Беккер деген ғалым дүниеге ұрпақ әкелген әйел мен сәби көрмеген, алай­да, ұзақ жылдар бойы лауа­зым­ды қызмет атқарған әйел­дің экономикаға салатын ин­вестициясы туралы зерттеулер жүргізген.

Зерттеу амалдары сәби өсіріп, сол елге азамат әкелген әйелдің дивиденді әлдеқайда мол болып шыққанын көрсет­кен. Әйелдердің үйде отырып қана экономикаға қосатын үлесінің қомақты екендігін дәлелдеген ғалымға осы еңбегі үшін Нобель сыйлығы берілген. Ұлыбритания үкіметі осыдан соң ұлт, отбасы жалпы гендер мәселесіне ерекше қарайтын болған.

Әйел мен бала тәрбиесін зерттеген жалғыз ағылшын эко­номисі емес. Қазақ ғалым­дары онымен үнемі айналысып келеді.

Ұлттың қалыптасуы оның денсаулығы, ана мен балаға жасалған қамқорлықпен өлше­нетіні аян. Оларға жасалына­тын қамқорлықты бүгін жаса­масақ, ертең кеш болатынын біздің ғалымдар айтудан жа­лық­қан емес. Экономика ғылы­мының докторы, профес­сор Болат Тәтібеков өз зерт­теуінде былайша ой өрбітеді: «Жалпы, біздегі баламен үйде отырған әйелдерге жалақы тағайындау керек. Осы туралы докторлық диссертация да жаздым. Кез-келген жұмыс – жо­ғары құр­метке лайық. Соның ішінде бала тәрбиесі де. Үйде бала тәрбие­леп отырған ананың мәр­тебесі министрден, кәсіп­кер­ден кем болмауы қа­жет. Өйткені, олар біздің бола­ша­ғымызды тәрбие­леп жатыр. Көп бала әкелген сайын ана­ның жалақысын арттыра түсу керек.

Дамыған елдерге қарап отыр­­саңыз, сан бар жерде сапа­ның өсетіндігін анық аңғаруға болады. АҚШ халқы – 300 млн., Жапонияда – 100 млн.-нан, Қытайда – 1 млрд.-тан астам адам бар. Яғни бұдан шығатын қорытынды – адам көп болған сайын сана да жақ­сара түседі. Сондықтан «Бұл мәселені индустрия­лан­дыру жүріп жатқан кезеңде қалай шешуге болады?» деген сауалға мен көп жауап іздедім. Менің­ше, негізінен, адам саны өсімін экономикалық негізге алу керек. Сонда бұл проб­леманы дұрыс шешуге мүм­кіндік ала­мыз деп есептеймін.

Мысалы, Ұлыбри­танияда әйелдердің билікке араласуы 13 пайыз болса, Аме­рикада ол 11 пайызды құрайды. Біреулер кезінде сол Ұлы­британияны темір Маргарет Тетчер ханым басқарды ғой деп айтуы да мүмкін. Оған да жауабымыз бар. Айтпақшы, сол темір ханым, 12 жыл премьер-министр болса да өз кабинетінде бірде-бір әйелді министр етіп тағайындамаған. Тіпті, ол өз ойын «Менің каби­нетімде бірде-бір әйел минис­трге орын жоқ» деп ашық білдірген.

 

Бұрын бала туу көрсеткіші отбасы мәселесі болса, қазір ол мемлекеттің проблемасына айналып отыр. Өйткені, ең алдымен, мемлекет халқының санының өсуіне мүдделі. Неге жәрдемақы мен жалақының есептеу тәсілі, тіпті, мазмұны мүлде бөлек? Мысалы, «Балаға жәрдемақы емес, «жалақы аламыз» деп айтудың өзі әйел және оның айналасын­дағылар­дың психологиясына оң әсерін бере бастар еді. Егер балалы ана жалақы аламын десе, оған деген көзқарас өзгереді. Ол қоғамға тиімді еңбек етіп жат­қан адам ретінде қабылданады. Яғни ол мемлекеттен жәрдем­ақы дәметіп, алақанын жайып отырған емес, еңбек етіп жатқан адам ретінде бағаланып, сыйланар еді. Урбанизация жүріп жатқанда үйде бала тәрбиелеп отырған әйелге деген көзқарасты өзгерту арқылы демография мәселесін шешу ұсынылып отыр. Бұл арада жәрдемақыны жалақымен алмастыруымыз керек. Әрине, бұл – бала туу деңгейін ынталандырудың бір құралы ғана. Біз осындай құндылық­тарды көтеру арқылы да қоғам­дағы әйелдің рөлін көтере аламыз, – дейді ғалым.

Рас, жыл сайын қоғамдағы әйел мен баланың әлеуметтік жағдайының жақсаруы жолын­да кешенді шаралар қолға алынуда. Бұл жолда біз аумақ­тағы көрші елдерден көш ілгеріміз. Әйелдердің билікке араласуы жөнінен де алдамыз. Мемлекеттік  басқару  буында­рында,  Парламентте, Үкіметте, әкімшілік  институттарында,  сондай-ақ, құқық қорғау  орган­­дарында да  қыз-келін­шектер  қызмет  атқаруда.   Бұл  жолда  Азиялық  елдер  қата­рында  алдыңғы  орындамыз.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *