Ұлыс туралы ұлылар не дейді?

Қазақ халқының тарихымен, тағды­рымен, салт-дәстүрімен сабақтас  жалғыз ұлттық мерекесі – Наурыз мейрамы. Бұл мерекені кеңес үкіметі қазақ санасынан алып тастауға барын салса да, Алаштың сөз ұстаған аза­маттары халықтың жадында қайта-қайта жаңғыртып отыру арқылы бүгінгі күнге, егемендік таңына жеткізді.

Наурыз мейрамы жайлы әлі де айтыла бермек. Ол отыз ғасырдан бері тойланып келе жатқан мереке. Осы орайда арыс­тарымыздың Ұлыстың ұлы күні туралы айтқандарын бүгінгі жастың құлағына жеткізуді жөн санадық.

 

Абай:

«Ол күнде Нау­рыз деген бір жаз­ғытұрым мейрамы болып, нау­рызнама қыламыз деп, той-тамаша қы­лады екен. Сол күнін «Ұлыс­тың ұлы күні» дейді екен».

 

Шәкәрім Құдай­бердіұлы:

«Наурыз» пар­сы тілі: Жаңа күн деген сөз. Ескі қазақта (ескі тү­рікте) Жаңа жыл күнінің аты – Ұлыс. Жыл басы­ның аты Ұлыс еке­нінің дәлелі – «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Таза ниетті ұлы кісіден бата алса, олжалы болар» деген ескі мақал».

 

Мәшһүр Жүсіп:

«Қазақтың қазақ болғанда, өзіне арнал­ған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – Наурыз».

 

Сұлтанбек Қожанов:

«Наурыз мұ­сыл­ман­дықтан бұ­рын шыққан мей­рам. Наурыз ел шар­уасымен күн көріп, табиғат шарт­тарына тұр­мысы көбірек байла­нысқан елдің тұрмысы тудырып отырған мейрам. Жұрт қысқы қысымшылықтан құтылып, малы жұт қаупінен құтылып, оның қалған малы балалап, қарасы көбейіп жатқан, өздері егін шаруасына қам қылып, қасиетті жаз маусымында байлығын молай­тудың, табиғаттың иіп тұрған кезінде қолынан келгенінше көп өндіріп қалудың шарасын істеп, абыр-сабыр болып жатқан ел шаруаларының талабы қозған ең көңілді уақыты – көктем. Сол көктемнің басы – Наурыз…».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close