Ұлттық спортты тегін үйренеді

Алматыда қазақ күресінен тегін секция ашылды

Алматыда №45 жалпы білім беру мектеөбінде қазақ күрес секциясы ашылды. Бұл іс-шараның салтанатты ашылуына мектеп директоры Шәрбану Архабаева мен «Almaty qazaq quresі» клубының директоры Шалқар Алдабергенов қатысты.

– Біз Алматының барлық ауданындағы орталық мектептерінде осындай тегін секөциялар ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Қазір балалар Атлетикалық ауылда, «Спарөтак» стадионында орналасқан тегін залдарда дайындалып жүр, жақына Қазақ спорт және туризм академиясында ашамыз, – деді клубтың директоры Шалқар Алдабергенов.

Оның айтуынша, қатысушылар саны күнөнен-күнге артуда, алдағы уақытта осы секөцияөларда аудандық жарыстар өтіп, атақты паөлуанөдар өз шеберлік сабақтарын өткізетін болады.

Жаттығулар келесі аптадан бастап, дүйсенөбі, сәрсенбі, жұма күндері өткізілетін болаөды. Оған кез-келген (6–18 жас аралығы) қатысам деушілер келіп, «Almaty Qazaq quresі» бапкері Замзагүл Файзуллақызына жазылса болады. Ол бүгін келушілерге тәжірибесімен бөлісті.

– Біздің мектепте осындай секция қала әкімдігінің қолдауымен ашылғанына қуанып отырмыз. Қазақ күресі спортын дамытуымыз керек, –деді мектеп директоры Шәрбану Архабаева.

Айта кету керек, «Almaty qazaq quresі» кәсіптік клубында қаланың абыройын қорғап жүрген қазақ күресі балуандары  жаттығады.

 

Гүлжауһар ЫРСЫМБЕТ,

Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжӘТУ-дің  4-курс студенті.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *