Ұлттық күрес дамып келеді

Бостандық ауданындағы №60 гимназияда қазақ күресінен мектепаралық жарыс өтті

Нұрлан СҮЙІН

 

Тәуелсіздік тұсында экономикамызбен қатар, рухани, дәстүрлі дүниемізді, спортымызды да дамыттық. Солардың бірі – ұлттық спортты (көкпар, күрес, тоғызқұмалақ, т.б.) халықаралық деңгейге алып шықтық. Бүгінгі күнде осы спорт түрлерінен федерациялар құрылып, халықаралық, құрлықтық додалар өткізіліп тұрады, мемлекеттік мерекелерге жарыстар арналады. Алматыдағы №60 гимназияда «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» аясында «Спорттық Алматы» бағдарламасы бойынша Қазақ күресінен мектепаралық жарыс өтті. Жарыс Астананың 20 жылдығына арналды.

Бостандық ауданы­ның 14 жастан жоғары балуандарының басын қосқан жарысқа №10 мектеп-интернат, №63 мектеп, №60 гимназия өрендері қатысып, кі­лемге шықты. Жа­рысты №60 гимназия дирек­торы Бақытбек Қал­жанов ашып, Бас төреші ҚР еңбек сіңірген бап­кері Қобыланды Шәкі­ров белдесулерді бас­тауға пәрмен берді. Боз­бала балуандар 8 сал­мақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. 28 келіден 58 келі арасында кілемге шықты. Жарыс бары­сында Бас төреші келушілерге Қазақ кү­ресі ережелерін түсін­діріп, белдесулердің таза өтуін қадағалап отырды. Тартысты өткен додада әр салмақ бо­йынша жеңімпаз, жүл­де­герлер анықта­лып, абыройлы болып жатты. Мектеп басшысы жеңім­паздарды медаль, дип­ломдармен және ата-аналар кеңесі ұйым­дас­тырған ақшалай сый­лық­пен марапат­тады.

 

Б.ҚАЛЖАНОВ,

№60 гимназия

директоры:

– Салауатты шаһар Алматының спорттық бағдарламасы аясында, Астананың 20 жыл­дығына арналған жа­рыс­ты өткізу Бостандық ауданы бойынша біздің мектепке сеніп тап­сырылды. Мектепте Қазақ күресі секциясы болмаса да, басқа жер­лерде жаттығатын біз­дің оқушылар жақсы өнер көрсетті. Жарыс­ты ұйымдас­тыруда дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерін, ди­ре­к­тордың орынба­сарла­рының еңбектерін айту керек. Жарысқа ақша­лай жүлде тағайындап, демеушілік көрсетуге ұсыныс жасағаны үшін оқушымыз Тоқтархан Әленнің ата-анасына айрықша рахмет айтар едім.

 

Қобыланды

ШӘКІРОВ,

жарыстың Бас

төрешісі, ардагерлер

арасында әлем

чемпионы:

–  Ұлттық спорты­мыз – Қазақ күресінің қарқынды дамып келе жатқаны қуантады. Әсіресе, шаһар басшысы Б.Байбек қалалық федерация президенті болып табылатын Ал­матыда Қазақ күресін дамыту мектеп, аудан­дардан бастап қолға алынған. Бүгінгі жарыс соның айғағындай. Жарыс жақсы ұйым­дастырылып, жас бал­уандар шеберліктерін шыңдады. Ұлттық құн­дылықтардың бірі – Қа­зақ күресі дами берсін. Бұқаралық спорт­ты дамытып, са­лауатты өмір қалып­тастыру бағ­дар­лама­лары Алматыда жалғаса берсін.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *