Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді

 

«Ұлы дала тарихы» таңдау пәні енгізілді

 

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Қазіргі заманның бір ерекшелігі – жаһан­дану үдерісінің белсенді жүруі болып табылады. Бұл – ширек ғасыр бойында өз алдына дербес ел болған мемлекетіміз үшін аса жауапты шақ. Жаһандану үдерісіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарла­малық мақаласында айтылғандай «…өзіміз­дің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз». Осы орайда, Қазақстан қоғамында ағымдағы жылы кешенді түрде ауқымды шаралар назарға алынып, жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

Елімізде қоғамдық-саяси жаңғыру өз кезегінде рухани қайта түлеу негізінде жалғасын тапқан сәтте, тәуелсіз еліміздегі азаматтардың тарихи санасын қалыптас­тыра отырып, ұлттың бірегейлігін көрсететін өзіндік кодын айқындау мемлекеттік саясат­тың басым бағытының негізгі көрсеткішіне айналды. Құндылықтары­мызды дәріптеп, өскелең ұрпақ санасында қалыптастыру арқылы ұлттық кодымыздың сақталуын қамтамасыз ету аясында төл өнеріміз бен мәдениетіміз, тарихымыз бен тіліміз, дәстүр мен ғұрыптарымызды бүгінгі заманның даму қарқынымен сәтті ұштастыру жандана түсуде.

Бүгінде рухани жаңғыру бағдарлама­сының басым бағыттары біздің кәсіби жұмысымыздың құрамдас бөлігіне айнал­ды. Қазіргі таңда университеттер өзінің академиялық миссиясын білім-ғылым-тәрбие үштігі негізінде атқаратынын ескерсек, бағдарламаның басым бағыттары осының үшеуінде де қамтылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыт­тарын жүзеге асыруда Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті бел­сенді әрі жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Атап айтсақ, қолданбалы және іргелі ғылыми, стартап жобалар, түрлі конкурстар мен зияткерлік олимпиадалар, қайырым­дылық акциялары мен түрлі кездесулер,  арнайы конференциялар ұйымдастыру, т.б. көптеген шаралар мазмұндық және тұрпат­тық жағынан рухани жаңғыруға бағыт­талған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы студенттердің ғылыми ізденіс жұмыста­рында, атап айтқанда, дипломдық жұмыс­тар мен магистрлік диссертацияларынан көрініс тауып, студенттік клуб жұмыста­рына арқау болды. Сонымен қатар, рухани жаңғыру бағдарламасының басым бағытта­рының бірі – өскелең ұрпақ бойындағы тарихи сананың қалыптасуына үлкен мән беріліп, назарға алынған. Тарихи сананы жаңғыртуда әлеуеті зор шараның бірі –  білім бағдарламаларына арнайы пәндер енгізу деп санаймыз. Әр мамандықтың өзінің спецификалық ерекшеліктері бар жаңа пәндермен бірге,  биылғы оқу жылынан бастап, университеттің барлық бакалавриат мамандықтарының 1-курс студенттеріне оқытылатын  «Ұлы Дала тарихы» атты таңдау пәні енгізілді. Өйткені, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын бабаларымыздың асқақ рухы Ұлы Дала жерінің баға жетпес байлығы ұрпаққа аманат. Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлігі жоғары әрі жаһандану заманында өзіндік нақышын жоғалтпаған ұлтты қалыптас­тыру саясатындағы басым бағыттарының бірі – Ұлы Дала жеріндегі тарихи оқиғалар мен құбылыстарды, халқымыздың отан­шылдық рухының  келбетін  аша отырып, аса бай рухани тарихы бар ел ретіндегі түсінікті азаматтардың санасына берік ұялату.  Ұлы Дала тарихының түрлі кезең­дері өскелең ұрпақты бір идеяға жұмыл­дырып қана қоймай, рухани жаңғыруына жағдай жасайтын тарихи оқиғаларға бай болғандықтан, оны жастар арасында насихаттау заман талабынан туындап отырғаны ақиқат.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың салиқалы саясаты нәтижесінде бүгінде еліміз қарқынды дамудың үлгісін көрсетіп келеді. Халықаралық аренада болашағы баянды, мақсаты айқын, бағыты белгілі ел ретінде танылды. Еліміздің сыртқы саясаты  белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмты­лысымен, прагматизмдігімен, сындар­лы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталған­дығымен ерекшеленеді. Бағындырған белес­терімізден гөрі алар асуымыз әлі алда екен­дігін әлемге ісімізбен дәлелдеген жас мемле­кетпіз. Елбасы «Бүгінгі өз келешегіне бет алған тәуелсіз Қазақстан – бұл біздің ортақ жетістігіміз, бұл біздің ортақ мақта­нышы­мыз!» деген болатын. Демек, Отаны­мыздың қарыштап дамуына әрқайсымыз­дың өзіндік қосар үлесіміздің болуы да шарт.

 

Айнагүл ҚАЙыПБАЕВА,

т.ғ.к.,.

Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің профессоры.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *