Құрт пен битке «қауіп төнді»

Мегаполистегі тазалыққа байла­нысты әңгіме ежелден көп. Соның бірі – шаһардағы жануарларға байланысты. Ақпан айының басынан бастап Алматыда ауыл шаруашылығы және үй жануарларын ветеринарлық бақылау­дан өткізу шарасы басталды. Соған байланысты тек Алматы төңірегінде ғана 2,7 мың ірі қараға, 1,5 мың ұсақ малға, 250 бас шошқаға аусылға қарсы екпе жасалмақ. Себебі, түптің түбінде осы жануарлардың еті мен сүті алма­ты­лықтардың дастарханына келеді. Тағы да бір мәселе, екі үйдің бірінде бар ит пен мысыққа байланысты. Шараға орай оларды паразиттерден тазартуға қатысты шаруа қоса жүрмек. Себебі, соңғы кезде қала тұрғындары арасында үй жануарларынан жұғатын аурулар жиі кездесуде. Қала басшы­лығы алдағы уақытта мұндай шара­ларды тоқсан сайын жүргізіп отыруға шешім қабылдап отыр. Демек, шаһар­дың ветеринарлық қызметін алдағы уақытта қыруар шаруа күтіп тұрғаны даусыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *