«Қайрат» қайратына қайта мінеді

Тарихи Алматының басты бренд­терінің бірі Одақ көлемінде танымал болған «Қайрат» футбол командасы екені белгілі. Әзірге команданың соңғы кездегі нәтижелері қуантып жүрген жоқ. Дегенмен, биліктің тарихи командаға қайтадан көңіл бөле бастағаны байқалады.

Алматылық «Қайрат» футбол клубы таяуда өзінің ресми сайтына шаһардағы Орталық стадионды рекон­струкциялаудың тұжырымдамасын салды. Сол арқылы соңғы кезде саны күрт азайып кеткен жанкүйерлер тарту ісі қолға алынбақ.

Қазір Орталық стадионға бас-аяғы 24 мыңдай жанкүйер сыяды. Батыс бөлікте ғана жанкүйерлерді жауын-шашыннан қорғайтын қалқа бар. Жаңа жобаға сәйкес жанкүйерлерді орынды­ғы 30 мыңға дейін ұлғайтылмақ.

Бәрінен бұрын осындай урбаниза­ция­лық шаралардың «Қайраттың» ойын машығына ықпал ететіні күмән­сіз. Демек, алдағы уақытта команданы жоғары биіктерден көріп қалуымыз да ғажап емес.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *