Қазақтың текті қыраны

Рая ЕСКЕНДІР

 

Түрксіб ауданындағы №76 жалпы білім беретін мектепте «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында Түрксіб аудандық әкімшілігі мен Аудандық ардагерлер кеңесінің қолдауы­мен «Қазақтың текті қыраны» атты екі мәрте Кеңес Одағының Батыры болған Талғат Бигелдиновты еске алуға арналған кеш өтті.

Шараға қатысушылар алдымен мектеп мұражайын аралап, ондағы әрбір жәдігердің тарихымен танысты. Әлі күнге жарасы жазылмаған соғыс туралы айтып, майдан­нан оралмағандарды үнсіз еске алды. Осыдан соң мектептің мәжіліс залына бет алған қонақтарды оқушылар құрмет көрсетіп күтіп алды. Оқушылар сахналаған көрініс көрсетілді. Әдеби-сазды кеш те жүректі тербеді. Кеш соңында аудандық ардагерлер ұйымы атынан В.Айғараева мен Г.Байғұтдинова сөз сөйлеп, іс-шараға деген ақсақалдардың алғысын жеткізді.

Осындай патриоттық рух беретін танымдық кеш өткізген мектеп басшысы Салтанат Болғанқызына ризашылықтарын білдіріп,  Алғыс хат табыстады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *