Ішкі істер қызметкерлері үздік шықты

Рая ЕСКЕНДІР

 

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жетісу ауданы бойынша көптеген жұмыстар атқарылып, іс-шаралар жүзеге асып жатыр. Сондай бір серпіліс әкеліп, салауаттылыққа бастайтын іс-шара «Құлагер» ықшамауданындағы арнайы футбол алаңында өткен еді. Аудандағы барлық мемлекеттік қызметкерлер қатысатын бұл футбол додасы дәстүрге айналған.

Биыл бұл спорттық-бұқаралық іс-шараға 8 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынға Жетісу аудандық Ішкі істер басқармасының командасы, екінші орынға Жетісу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, үшінші орынға Жетісу аудандық Білім беру бөлімінің командасы ие болды.

Бір сәт спортпен шұғылданып, доп теуіп, сергігенге не жетсін! Таза ауада өткен спорттық мереке жұмысқа деген қабілетті ғана арттырмай, денге де саулық сыйлады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *