Электробайкке мінсең, еркін жүресің

Қалада көлік тығыздығы үлкен. Қаланың бір шетінен екінші шетіне жетуің үшін бір күн уақытың кетеді. Алматы­лықтар бұл мәселені де бағдар­ға алып отыр. Таяу­да шаһарда электробайк-транс­формер деп аталатын көлік шығаратын зауыт іске қосыл­мақ.

Көліктің жаңа түрін ойлап тапқан – алматылық ин­женер-дизайнер Е.Әлім­ханов. Оның ойлап тапқан көлігі алдымен ыңғайлылы­ғы­мен ерекшеленеді. Көлік оңай бүктеліп, жинасты­рылады. Мұндай жаңашыл көліктің баламасы Қазақ­станды айтпағанда, тұтас ТМД елдерінде жоқ көрінеді.

Өнертапқыштың айтуынша, алдағы уақытта ол осындай көліктердің балаларға, жасөспірімдер мен ересектерге арналған үш түрін шығармақ. Ересектер­дікі­нің салмағы 110 кило, жол жүру ұзақтығы 50 шақырым бол­мақ. Ал максималды жылдамдығы сағатына 45 шақырым.

Қазір өнертапқыш инженер өз жаңалығын шығара­тын зауытты іске қосуға инвестор іздестіруде.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *