Шеберлік жаттығуын өткізді

 

«Қауіпсіздік сервисі – СИЗ орталығы» ЖШС өрт сөндіргіш және өрттен қорғау құралдарының алматылық өндірушісі сауда орталықтарының, қонақүйлер мен өнеркәсіп нысандарының өкілдеріне өзінің өнімін нақты қолдану бойынша шеберлік жаттығуын өткізді.

Кәсіпорын Кәсіпкерлікті қолдау карта­сының қатысушысы және Алматыдағы мұндай өнімнің бірден-бір өндірушісі болып табылады. Бұдан басқа, компания «SF+BІO» бренді бойынша өрттен қорғау құрамдарын өндіру кезінде «жасыл технологияларды» пайдаланады. Оларды кез-келген кеуекті бетті: жай ішілік қабыр­ғадан бастап, төсек-орын жабдықтарына дейін өрттен қорғаудың өңделімі ретінде пайдалануға болады.

Өрт сөндіру саласында инновациялық технологияны әзірлеген Андрей Битне­ровтың айтуынша, өрттен қорғау құрамы өрттің барлық түрін сөндіре алады. Бұл ретте, «SF+BІO» топыраққа түскеннен кейін инновациялық өнім оның құнар­лылығын арттырады және топырақты қалпына келтіру уақытын жеделдетеді. «SF+BІO» өрт сөндіру қабілеті судың сөн­діру қабілетін  10-15 есеге арттырады.

Әзірлемеші өнім тұтынудың кең ауқы­мына көзделгенін айтып отыр. Негізгі пайда­ланушылар деп ол ТЖМ, армияны, орман шаруашылықтарын, ағаш өңдеуші кәсіпорындарын, қонақүйлерді, емхана­ларды, білім беру мекемелерін және т.б. атап өтті.

Шеберлік жаттығуларын өткізгеннен кейін «Қауіпсіздік сервисі – СИЗ орта­лығы» ЖШС өзінің өнімін өндіру және «Самұрық-Қазына» АҚ тобының компа­ниясына жеткізу үшін кәсіпкерлік нысан­да­рымен және «Самұрық-Қазына Кон­тракт» ЖШС шарттар жасасуға ниеті барын атап өтті.

 

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және

индустриалды-инновациялық даму басқармасы.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *