Ханзада Салман Саудияны сауықтырмақшы

Тақ мұрагерінің батыл реформалары әлемді таң қалдыруда

Әшірбек АМАНГЕЛДІ,

«Алматы ақшамының» саяси шолушысы

 

 

Жемқорлықпен күресті жақындарынан бастады

 

Кейде билікке бір адамның келуі ойламаған өзгеріс, күтпеген жаңалықтар әкеліп жатады.  Бұған Сауд Арабиясы королінің  тақ мұрагері болып танылған  Мұхаммед ибн  Салманның кейінгі кезде жасап жатқан істері нақты мысал бола алады. Жаңашыл ханзада  өзінің радиөкалды реформаларымен саудиялықтармен бірге, күллі әлемді таңдандыруда. Сонау өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бері  мемлекеттің негізін қалаған Абдул-Азиз әл-Сауд әулеті билеп-төстеп келе жатқан абсолютті  теократиялық монарөхиялы елде мұндай бетбұрыстар бой көтеріп, қайта құру процесі басталады  деп ешкімнің күтпегені хақ.

Әйтсе де, дүрмекті дүние мен аласаөпыранды адамзат қоғамында  құбылысқа, өзгеріске күмән мен шәк келтіруге болады ма?  Бәлкім, ұраны: «Алла ұлықө  Алладан өзге құдай жоқө  Мұхаммед оның елшісіө Даңқ пен абыройға бөлену үшін соған ұмтыл»ө дейтін елде осының бәрі Жаратқан иенің қалауымен болып жатқан шығар.

Естеріңізде болса,  осыдан екі жыл бұрын отыздан сәл-ақ асқан ханзада Мұхаммед ибн Салман  премьер-министрөдің орынбасары, Қорғаныс министрі болып тағайындалып,  тікелей өзі бас болып Саудия үкіметінің  таяу жылдарөдағы экономикалық бағыт-бағдарын айқындаған: «Saudі Arabіa’s Vіsіon 2030» («Сауд Арабиясының көкжиегі – 2030»)  бағдарламасын қабылдатты. Сонда мұны  біреулер: «Азия жолбарыстарының дамуынан  үлгі алған түрі»  десті.

Ақиқатында, «Саудия–2030» бағдарлаөмасында елдің келешек дамуына қатысты биік мақсат қойылып,  үлкен міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, ол бағдарламада: елдің өсіп-өркендеуі үшін   тек мұнайды сыртқа шығарып сатуға таңылып қалмай, экономиканы әртараптандыру қажеттігі айтылды. Мұнайға қоса алтын, күміс, фосөфат және уран өндіруді қолға алу,  Сауөдияның үш құрлықтың: Азия, Еуроөпа және Африканың тоғысқан жерінде орөналасып, Солтүстік шығысын – Парсы шыөғаөнағы, батысын – Қызыл теңіз шайып жатқан мүмкіндігін пайдаланып, транөзиттік-көліктік әлеуетін арттыру, шаөғын кәсіпкерлікті қолдап, 2030 жылға қарай оның үлесін  қазіргі 20 пайыздан – 35 паөйызға көтеру,  күн мен жел сияқты таөбиөөғи энергия көздерін пайдалануды 8 паөйызға, яғни  9,5 ГВт.-қа  өсіру, елдегі бес университетті сапалық деңгейге көтеріп, оған  шет елдерден студенттер тарту, аса қолайлы да ыңғайлы инфрақұрылымдық жағдай  жасап, жыл сайын Мекке мен Меөдинаға тәу етіп келушілер санын 30 млн.-ға дейін жеткізу мақсаты қойылды.

Жас та болса,  бас болуға жарап қалған  стратег саясаткер Мұхаммед ибн Салман елінің өркендеп, гүлденуі үшін  экономиөкаға қоса, заман талабына сай рухани саланы да жаңғырту керектігін жақсы түсінді. Сондықтан да оның бастамасымен 2018  жылдан бастап әйелдерге жеңіл автокөліктер жүргізуге, қыздардың спорт түрлерімен айналысуына рұқсат етілді. Концерттік залдар мен театр, киноөтеатрлар жұмыс істей бастады.

Ханзада мұның бәрі ислам дінін басқа арнаға бұру емес, керісінше оны баяғы табиғи болмысына қайтару деп түсіндірді.  Керек десеңіз, сонау Мұхаммед пайғамбар ғалейcсаламның тұсында  тым асыра сілтейтіндей шектеулер мен тыйымдар болмаған музыкалық театрлар жұмыс істегенін, ерлер мен әйелдер емін-еркін араласып, басқа діндегілерге, христиандар мен еврейлерге құрметпен қарағанын, шектеу мен тыйым салулардың беріде,  1979 жылдан  басталғанын айтты.

Мұхаммед Салманның  батыл қолға алған тағы бір ісі – жемқорлықпен күресі. Әдетте саясаттанушылар  сыбайлас   жемқорлық, парақорлықпен күрес туралы сөз болғанда  Сингапур  реформасының атасы Ли Куан Ю-дың  амал-әрекетін мысалға  келтіреді. Ли Куан Ю-ден өзі сияқты бірмемлекет басшысы: «Сіз  жемқорлықты, парақорлықты түп-тамыөрымен қалай жойдыңыз?», – деп сұраөғанда, анау миығынан күліп: «Оның жолы оңай. Ондай заңсыз  әрекетке жол берген ең жақын үш адамыңызды  қаматып, қылөмыстық жауапкершілкке тартыңыз. Сонда бәрі  орнына келеді», – деп айтқан көрінеді.

Осындай  үлгі аларлық әңгімені естігендіктен бе екен, ханзада  король  Әбдел Әзиз Салманның нұсқауымен  арнайы құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетіне басшы болып тағайынөдалысымен 2017 жылдың қарашасында әй-шәйға қаратпай  корольдік әулетке жатаөтын 11 ханзада мен байлықтан ықылық атқан байлар мен бұрынғы министр, лауаөзымды әскери қызметөшілерді тұтқынға алып, Эр-Риядтағы әйгілі бес жұлдызды Rіtz-Carlton қонақ үйіне қаматып қойды.

Бұл шараға қатысты БАҚ құралдары арқылы Мұхаммед ибн Салман: «Біз тұтқындалғандардың  ешқайсысына да көрер көзге қиянат жасап, нақақтан-нақақ жала жауып отырған жоқпыз. Барлық айғақ материалдар олардың әрқайсысына көрсетіліп,  таныстырылады. Сонан соң біз оларға заңсыз жолмен тапқан қаржы-қаражат пен акцияларын мемлекет қазынасына ерікті түрде қайтарулары  жөнінде талап қоямыз. Шамамен 95 пайызы оған көнеді. Амалсыз жымқырған ақшаларын қайтарады. Бір пайызы  таза екендерін айтып, ақталады. Олардың ісі сол бойда жабылады. Қалған 4 пайызы  ешқандай заңсыз әрекетке  бармағанын,  сол себепті,  адвокаттары арқылы сотқа жүгініп,  ақталуға күш салады» деген түсіөнік берді.

Ол басқарған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің есебінше,  тұтқындалөғандардың иелігінде 1,1 трлн. доллар қаражат бар. Соның шамамен 100 млрд. доллар мемлекет қазынасына қайтарыөлады. Осының өзі қаржы тапшылығын бастан кешіп отырған мемлекет бюджетіне үлкен демеу болады.

Ханзаданың  болжағанындай, корольөдік тақ мұрагерлігіне бірден-бір үміткер саналып келген Митаб ибн Абдалла өз кінәсін мойындап, қазынаға 1 млрд. долларды қайтарған  соң тұтқыннан босатылды. Қалғандарының  көбі амалсыз осылай етеді.

Айтпақшы,  жақында тақ мұрагері  Мұхаммед ибн Салман тағы да бұрын соңөды айтылмаған  құпияның сырын ашты. Ол  американдық  әйгілі «Вашингөтон пост»  газетіне берген интервьюінде   1947–1991 ж.ж. «қырғи-қабақ соғыс» қатынасы тұсында АҚШ-тың талабымен Сауд Арабиясының Кеңес Одағына қарсы  ваххабизм идеологиясы пен террорлық іс-әрекеттерді  қолдап-қуаттағанын  мойынөдады. Оның айтуынша,  «сайда санын, құмда ізін» таптырмау үшін ваххабистік ұйымдар әр түрлі қорлар мен жеке сектордың есебінен қаржыландырылып отырған.

Болашақ король: «Ендігі жерде  Сауөдия  ваххабизмнен бойын аулақ салып,  саясаты мен идеологиясын басқаша құруы тиіс», –  дейді.

Осындай хабар тараған бойда  Ирак  билігі  Сауд Арабиясын  2014–2017 ж.ж.  «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына  саяси және қаржылық қолдау көрсетіп, Иракта қанды қақтығыстар орын алып, оның бөлшектенуіне ықпал етті», –  деп айыптады.

 

 

Күн құдайдың өзі берген қуат көзі

 

Жалпақ жұртқа  Саудияның  жерасты  мұнайы  мол және  ол жуық арада таусымайтын сияқты көрінеді. Бірақ та  мамандардың есебінше,  корольдіктің  «қара алтын» қоры 262,7 млрд. баррелді құрап, бұл алдағы жетпіс-сексен жылға ғана жетеді екен.

Бір өкініштісі, Сауд Арабиясы мұнайды экспортқа молынан шығарумен қатар, электр энергиясын алу үшін оны аяусыз жағатын бірден-бір ел. Бұған мұнайдың төңірегіндегі талайлардың жүрегі ауырып, іштері ашиды. Мәселен, Chatham House ұйымының сарапшылары  сауд елінде күніне 1 млрд. баррель мұнай жағылатынын еске салып: «Бұл ақшаны тікелей  отқа жаққанмен бірдей. Осылай кете берсе  2038 жылға қарай корольдік  жанар-жағармай  отынын сырттан сатып алушы мемлекетке айналуы ықтимал»  деген қауіп айтады.

Осыны ескергендіктен,  «Саудия-2030»  бағдарламасында 2030 жылға қарай  Күн мен жел сияқты табиғи энергия көздерін пайдалануды   8 пайызға  арттырып,   9,5 ГВт.-қа  жеткізу міндеті қойылған. Мұндай  іс сынақ тәжірибеден өткен.  Қазірдің өзінде Дахрандағы Saudі Aramco компаниясы штаб-пәтерінің  төбесіне орнатылған  қуаты 10 МВт.  КЭС  (Күн электр стансасы) жұмыс істейді.

Географиядан білетініміздей, Сауд Арабиясының климаты құрғақ, қыс болмайды десе  де болады. Жаз маусыөмында температура 50 градусқа дейін жетіп, желтоқсан айының өзінде 29 градус, қаңтарда 22 градус, ақпанда 23 градус жылылық сақталады. Демек, Күн энергиясын пайдаланып, кәдеге  жаратудың мүмкіндігі мол.

Жаратушының, табиғаттың өзі берген осынау мүмкіндікті пайдаланып,  жүзеге асыру мақсатында  үкімет басшысының орынбасары,  ханзада Мұхаммед ибн  Салөман әл-Сауд кешегі наурыздың аяғында Жапонияның әйгілі телекоммуниөкациялық Softbank Group  компанияөсымен  жалпы қуаты 200 атом энергоблоөгына  тең  келетін, жобалық құны  200 млрд. доллар тұратын, ірі  КЭС (Күн электр стансасын) салу жөнінде келісімге қол қойды.  КЭС 2030 жылға қарай   толық іске  кіріскенде 200 ГВт. электр энергиясын өндіретін болады. Қосымша 100 мыңдай адамға жұмыс орны ашылады.  Электр қуатын өндіруге мұнай  отыны жағылудан  шығындалып келген 40 млрд. доллар қаржы  үнемделеді.

Айтуға жеңіл көрінгенмен, мұндай үлкен станса құрылысын жүзеге асыруға қажетті  200 млрд. долларды табу  оңайға түспейді.  Бұл Саудияның өзінің  үш жылдық, Португалия, Бангладеш, Греция секілді елдердің он жылдық  ЖІӨ-не  пара-пар. Сондықтан да Корольдік  КЭС-ның алғашқы кезеңіне сырттан 5 млрд. доллар инвестиция  тартпақ. Оның 1 млрд. долларын жапондық атақты SoftBank басқаратын Vіsіon Fund қоры  аударуға келісті.  SoftBank осы салада жұмыс істеп едәуір тәжірибе жинақтағандықтан   инвестицияның еселеп қайтатынына  сенімді.  Өйткені, ол банк 1996 жылы Yahoo компаниясына 1 млн. доллар несие беріп, үш жылдан соң 3 млрд. доллар, 2000 жылы қытайлық Alіbaba  интернет кәсіпорнына 20 млн. инвестиция құйып, төрт жылдан кейін 60 млрд. доллар қайтарым алған.

Бұған қоса, Саудия билігімен іскерлік тіл табысқан SoftBank алдағы үш-төрт жыл көлемінде  Корольдікке  тағы да 25 млрд. доллар инвестиция салмақ. Оның 15 млрд. доллары Мұхаммед Салманның ұсыныс жобасы саналатын, күн мен жел энергиясына қуат алып жұмыс істейтін заманауи үлгідегі, жаңа жұмақ қала Неом шаһарын салуға жұмсалады.  Қалған 10 млрд. доллары  мемлекеттік Saudі Electrіcіty компаниясына  қарызға беріледі.

Мұндай ірі жобаға тек Жапония емес, өзге елдерден де инвестициялық несие  тартылады.  Жобалаушылардың есебінше келесі 2019 жылдың өзінде  қуаттары 3 және 4,2 ГВт. болатын екі  КЭС іске қосылады. Сөйтіп, әрі қарай біртіндеп, Саудия  Күннен өндірілген электр қуатын экспортқа шығаратын елге айналады.

Корольдік  Күнмен бірге желден де электр қуатын алу ісіне ден қоймақ. Сондай  жоба-жоспар бойынша  2030 жылға қарай  Табук қаласында  қуаты 400 МВт. болатын  ЖЭС (Жел электр стансасын) салу  жоспарланған.

Қай кезде де жаңашыл істерге, тың жобаларға күмән келтірушілер мен сынаушылар  табылған.  Біреулер: «КЭС пен ЖЭС  жобаларын технологиялық жағынан іске асыру күрделі. Сол өндірген орнында пайдаланбаса оларды сыртқа, алыс жерлерге экспортқа шығару қиындық тудырады» десе, екіншілері: «Саудияда осындай амал-айламен «қара алтынның» қоры аз қалды. Сол себепті, біз басқа энергия көздеріне көшіп жатырмыз деген қауесет таратып, мұнайдың халықөаралық саудадағы бағасын көтермекші» деседі.

Ханзада М.Салманның  Саудияның   әлеуметтік-экономикалық ахуалын сауықтыруға, оны зайырлы мемлекетке айналдыруға бағытталған  бағдарламасын  саудиялықтар түгел қолдайды десек,  асыра айтқан болар едік. Олай дейтініміз, өткен 2017 жылдың күзінде The Atlantіc дүдәмалдау  бір  хабарды таратты. Оның жазуынша  король Салман  өзінің ұлы Мұхаммедті  тақ мұрагері  етіп тағайындау жөнінде жарлық шығарғанына үш апта өтісімен  бұрынғы  тақ мұрагері  Мұхамөмед ибн Наиф  американдық ОББ (Ортаөлық барлау басқармасымен) байланысып, басқа да наразы ханзадаөлардың қолөдауымен  сарай төңкерісін жоспарлаған тәрізді. Мұны  француздық Іntellіgence Onlіne басылымы да  2017 жылғы мамырда Мұхаммед ибн Наиф  АҚ үйдің барлау мен қауіпсіздік қызметінің жоғары лауазымды басшыларымен, дәлірек айтқанда,  қауіпсіздік мәселелері бойынша хатшы Джон Кеннеди және президенттің ұлттық қауіпсіздік пен терроризмге қарсы күрес жөніндегі көмекшісі Томас Босөсертпен кездесті деп қуаттаған.  Сірә, бұл «жел тұрмаса, шөптің басы қимылөдамайды» дегеннің  көрінісі болса керек.

 

 

Израиль мемлекеті өмір сүруге құқылы

 

Күні бүгінге дейін  Сауд Арабиясы Корольдігі мен  Израильдің ресми түрде дипломатиялық қарым-қатынасы жоқ екені көпшілікке мәлім. Себебі, Саудия  мұсылман әлемінің орталығы  және араб елдерінің көшбасшысы ретінде  Палесөтинаны қолдап,  Израильден  оның 1967 жылы басып алған жерлерін  босатуды, сонда ғана ислам мемлекеттерімен  байланыстың реттелетінін  ескертумен келді. Мұндай талаптан айныса күллі ислам дүниесі мен  араб елдері арасында  беделі мен абыройы түсетіні хақ. Әйтсе де, бұлардың  кейбір ортақ мәселелер, мысалы Иранның ядролық бағдарлаөмасына қарсы күрес бойынша барлауөшылық мақсатта астыртын байланыс жасап тұратындары  туралы аракідік сыбыстар  айтылып қалады.

Бұдан басқа да бірқатар деректер Саудия мен Израильдің байланыс орнатуға ниетті екендіктерін  айғақтай түседі.

2005 жылы  Саудия  ДСҰ (Дүние- жүзілік сауда ұйымына) мүше болуына байланысты оның талабымен Израильге қарсы бірқатар саяси және экономикалық байкотын тоқтатты.

2007 жылы  сол тұстағы король Абдалла  палестиналық  ФАТХ және Хаммас  партияларын  Меккеге шақырып,  татуластырғандай болды.  Артынан ол келісім-шарты бұзылды. Соған қарамасөтан,  Эр-Рияд  Палестинаның ұлттық татулық үкіметін жақтап, 2009 жылғы Газадағы соғысты айыптады.

2011 жылы  араб көктемінен кейін  Израиль  Сауд  Арабиясын  аймақтағы тұрақтылықтың  кепілі ретінде мойындап, Германияның   Корольдікке  200  Leopard  танкісін сатуына қарсылық білдірмеді.

2017 жылғы наурызда  Иорданияда  американдық және иорданиялық тараптың араағайындығымен  тақ мұрагері  Мұхаммед ибн Салман  Израильдің ресми өкілдерімен кездесіп,  онда әскери  іс-қимылдар мен  барлау жоспарлары қаралды.  Сол жылдың маусым айында қос тараптың  экономикалық байланыс орнату турасында келіссөздері жүргізілді. Келіссөздер барысында  израильдік  «Эль  Аль» авиакомпаниясының  жолаушылар  тасымалы мен коммерциялық рейстері үшін  Саудияның әуе кеңестігін пайдалану жайы сөз болды.

2017 жылдың шілдесінде Саудия басшылығымен  Израиль министрі  Аюб Кара  өз елінің мұсылмандарының  жыл сайынғы Рамазан айында  тікелей Тель-Авивтен  ұшақ арқылы  сапар шегіп, қажыөлық міндеттерін өтеп қайту мәселесін талқылады.

Рас-өтірігі беймәлім, кейбір деректерге қарағанда  2017 жылдың  қыркүйегінде  ханзада Мұхаммед Салман  жасырын  Израильге барып,  ол елдің үкімет басшысы Биньямин Нетаньяхумен аймақтың тыныштығы мен Иранның  ядролық бағдарламасына қарсы тұру жайында  келіссөз жүргізіп қайтқан көрінеді

Әрине, бейбітшілік пен тыныштық үшін ымыраласуы қиын саналып келген Саудия мен Израильдің  тіл табысқандары дұрыс-ақ. Бірақ олардың  Иран Ислам Республикасына  қарсы бірігуі  көңілге қаяу салып, секем алдырады.

Дейтұрғанмен,  тақ мұрагері  Мұхамөмедтің  таяуда ғана  (2018 жылдың 3 сәуіөрінде ) Американың  «The Atlantіc» журөналына берген  сұхбаты  қызықты назар аудартқандай.

Мұрагер ханзада  ұлты еврей  журнал тілшісі Джеф Голдбергтің: «Сіз  Израиөльдің  еврей мемлекеті ретінде  өмір сүру құқығына қалай қарайсыз?»  деген сауаөлына:  «Әр адам  өз жерінде өмір сүруге, оның ішінде еврейлер мен палесөтиналықтар да  өз жерін иеленуге құқыөлы» деп жауап берген. Әрі бұл құқықтар екі тараптың арасындағы қалыпты қатынас түрінде  арнайы келісіммен бекітілуі керек деген.

Ал «Діни тұрғыдан  Израиь мемлекеөтінің  болғанына қарсы емессіз бе?» деген сұраққа, ол Иерусалимдегі мұсылман қауымға  қасиетті  орындар мен Палестина халқының құқығына алаңдайтынын және басқа халықтарға қарсылығы жоқ екенін айтқан.

Сондай-ақ,  егер де  сәті түсіп, палесөтиналықтар мен израильдіктер тіл табыөсып жатса, Иерусалим  Эр-Рияд, Каир мен Амманның  тиімді сауда әріптесі болар еді, деген тілегін жеткізген.

Ертеңгі корольдің бұл айтқандарын сарапшылар  Саудия мен Израиль қатыөнасындағы  оң  қадамға,  жақсылыққа балап отыр.

Әменде демократия мен адам құқығын қорғауды алдына ту етіп ұстайтын  АҚШ басылымдарының  Саудия ханзадасын айналшықтап, оны жиі ашық әңгімеге тартуы жәйдан-жәй болмаса керек. Бұл ретте Мұхаммед  Салманның  алпыс минуттық  CBS News  телеарнасына берген сұхбаты да көңіл аударарлықтай.

Ханзаданың  айтуынша,  1979 жылдан кейінгі  ультраконсервативтік  саясат пен көзқарас  Сауд Арабиясын мәдени жағынан тоқыратып, әйелдер құқығын шектеуге әкеліп соқтырған. «Біздің  буын  осының құрбаны болды. Біз одан көбірек жапа шектік», – деп ағынан жарылған.

Әрі қарайғы:  «Сіздіңше еркектер  мен  әйелдер тең құқылы ма?» – деген сұраққа жауабы: «Сөзсіз солай. Біз бәріміз адамөдармыз, сондықтан айырмашылыөғымыз жоқ», – деген  сыңайда болған.  Сонан соң:  саудиялық әйелдерге  бұрынғыдай абайя және хиджабпен бүркенбей еркін жүруге рұқсат етілетіні айтылған.

Жоғарыда айтылған 2017 жылдың қарашасында оның тікелей бұйрығымен олигархтар мен бизнесмендердің   қамауға алынуының сырын сұрағанда: «Біз жайлап кеткен жемқорлықпен күресу үшін амалөсыз солай етуге мәжбүр болдық. Әйткенөмен, барлық  шаралар заңның шеңберінде қолданылды», –  деп түсіндірген.

Қорыта айтқанда, саясаткерлердің жаңа буын өкілі, тақ мұрагері  Мұхаммед ибн Салманның  алға қойған мақсат-мұраты, жоспар-жобасы  көп-ақ.  Оның  жаңашыл әрекеттерін  ел халқының жетпіс пайызын құрайтын жастар жағы қызу  қолдайды. Бұл үлкен демеу.  Тек  қасаң діни абсолютті теократиялық  идеоөлогияның шырмауынан әлі шыға қойөмаған консерватор қауым реформатор басшыны аяқтан шалып, сүріндірмесе  болғаны…

 

  «Ақшамның анықтамасы»: 

Мұхаммед ибн Салман әл-Сауд 1985 жылы Жидда қаласында өмірге келген.  Саудияның қазіргі королі  Салманның үшінші әйелінен туған баласы. Ханзада өзінің арғы атасы король Саудтың атындағы  университетінде білім алған. Алдымен жеке секторда жұмыс істеген. Саяси қызметін  2009 жылғы 15 желтоқсаннан  әкесіне арнайы кеңесші болып бастаған. Одан әрі  Эр-Рияд провинциясының губернаторлығына жоғарылатылған. Қосымша Эр-Риядтың конкурстық кеңесінің бас хатшысы,  король Абдул-Азиз мұраларын зерттеу мен архивтік қоры басқармасының  арнаулы кеңесшісі және Рияд аймағындағы Әлбаир  қоғамдық кеңесінің мүшесі  қызметтерін  де атқарған.  2012 жылы  мұрагер ханзада  Наифтің қайтыс болуына байланысты  әкесі Салман мұрагер ханзаданың орынбасары және қорғаныс министрі  болып тағайындағаннан кейін  баласы Мұхаммедті  өзіне жеке кеңесші етіп  алған. 2013 жылғы 2 наурызда   сот басшысы  мұрагер ханзада Сауд ибн Наиф Шығыс провинциясының  губернаторы болуына орай  Мұхаммед оның орнын басып, министр дәрежесіне көтерілген. 2015 жылдың 23 қаңтарында   король Абдала  бақилық болып, таққа Салман отырды. Ол баласы Мұхаммедті  қорғаныс министрі және  корольдік соттың  бас хатшысы  етіп қойды. Оған сондай-ақ,  экономикалық мәселелер мен даму кеңесінің төрағасы міндетін  қоса атқару жүктелді.  2015 жылғы  сәуірде  король Салман немере інісі  ханзада  Мұхаммед ибн Наифті  тақ мұрагері, ал ұлы Мұхаммед ибн Салманды оның орынбасары етіп бекітті. Алайда, 2017 жылдың 21 маусымында  бұл шешімін өзгертіп, 57 жастағы ханзада Наифтің орнына өз баласы  Мұхаммедті  тақ мұрагері деп жариялады. 2017 жылдың  4 қараөшасында  оған  жаңадан құрылған  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің  тізгінін ұстатып, билігі мен құзыретін күшейтті.

Мұхаммед ибн Салман  ханшайым Сара бинт Машхур ибн Абдал-Аазиз әл-Саудпен отау құрған. Екеуінің  Салман мен Машхур  есімді – ханзада, Фахду мен Нуру есімді  ханшайым  перзенттері өсіп келеді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *