Халыққа октябрь керек пе, Бөкейхан керек пе?

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ,

ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты:

– Астанада Құдайға шүкір, ескерткіштер бар. Астана тәуелсіздіктің қаласы ғой. Алайда, сол тәуелсіздіктің жолында құрбан болған Алаш арыс­тарының бірде-біреуінің ескерткіші жоқ. Олардың ескерткіштері басқа қала­да болмаса да, елордада болып, халықтың рухын көтеріп тұруы қажет. Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы өтті, неге орнатпадық? Алдағы үш-төрт жылда Ахмет Байтұрсынұлының да туғанына 150 жыл толады. Елдігімізді, мемлекеттілігімізді ойласақ, Жұмабек Тәшеновке де ескерткіш орнату керек. Сонда ерлігіміз, ұлтымыздың тағдыры тас мүсіндерден-ақ көрініп тұрар еді. Бұл ұрпақ үшін, ұлт үшін керек. Экономикасы қарыштап дамып бара жатқан біз сияқты елге бұл қиын емес. Оған тек қана көңіл қоя білу қажет.

Қарағандыда Әлихан Бөкейханға әлі бір аудан бере алмай келе жатырмыз. Бұл не сұмдық? Халыққа Октябрь керек пе, Бөкейхан керек пе? Әрине, тәуелсіздіктің даңғыл жолымен келе жатырмыз, ал мұндай келеңсіз жағдайларды тәуелсіздіктің түйткілдері деп түсінем. Ұлтымыздың асылдарына, қайраткерлеріне, ұлтымызды сақтаған тұлғаларға бірінші жол ашылу керек қой.

(«Астана ақшамы», 5.04.2018).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *