Түрксіб ауданы абаттана түседі

Шаһар басшысы Бауыржан Байбек Түрксіб ауданы­ның аулалары мен көшелерін абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Жұмыс сапары барысын­да «Алматы-1» теміржол вокзалы мен оның айналасын аралап көрген қала әкімі бұл аудан қаладағы көне аудандардың бірі әрі оның басым бөлігін жеке сектор құрайтынын мәлімдеді. Сондықтан алдағы уақытта бұл жерде заманауи талаптарға жауап беретін жаңа орталық қалып­тастыру қажеттігін атап өтті.  Сонымен қатар, «Ал­ма­ты-1»  теміржол вокзалының айналасын жаңар­­ту, вокзалды күрделі жөндеуден өткізу және пер­рондарды кеңейту керектігін тілге тиек етті. Жүр­гіншілерге қиындық туғызбау үшін вокзал алдын­дағы көлік қозғалысын ұйымдастыру сызбасын қайта қарауды, вокзал маңындағы сквер мен оның  айнала­сын абаттандыруды тапсырды.

–       Жүргіншілер үшін жайлы жағдай тек қала орталығында ғана болуы тиіс емес. Біз орталықтандыру қағидасы бойынша қаланың барлық аудандарында тұр­ғындар үшін жайлы көшелер мен аулаларды, жүргіншілер кеңістіктерін жаңартып, жасыл желекті кеңейтіп, бақтар мен скверлерді тартымды етуіміз керек. Жүргіншілер жүретін тротуарларды басып қалған заңсыз құрылыс­тарды анықтау үшін жеке жұмыстар жүруде, – деді шаһар басшысы Бауыржан Байбек.

Бұл ретте жыл аяғына дейін Түрксіб ауданында жөнделген 80 ауладан бөлек тағы 50  аула жаңара түспек. Жаңғырту жұмыстары аясында жарық көздері ауысты­рылып, спорт және балалар  алаңдары пайда болады, жолдар жөнделеді.

Биылғы жылы екі жерасты жолы күрделі жөндеуден өтіп, тоғыз көше жаңарады. Ержанов көшесінің шығысын және  Тынышбаев көшесінің оңтүстігін алып жатқан «Дет­ский-Балалар» саябағындағы балалар және спорт алаң­дары кеңейеді. Жасыл желек қоры ұлғайып, суару жүйесі орнатылады. Бұдан өзге, Сауранбаев көшесі бойында жүргінші аймағын жасау қарастырылған.

 

Н.АСЫЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *