«Туған жер – тұғырың!»

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру. Туған жер» бағдарламасы негізінде  Алатау ауданы №114 мектеп мұғалімдері мен оқушылары және мектеп әкімшілігі осы дүбірлі доданың куәгері болды.

Аталмыш жолдаудың негізінде мектепте жеріміздің өркендеп, мемлекеттік патриотизмді нығайтып, елімізді сүюге, көк туымыздың мәртебесін биік ұстауға үйрете отырып, оқушылардың ой-өрісін, дүние­танымын кеңейту, сөздік қорын молайту мақсатында «Туған жер – тұғырың!» атты іс-шара ұйымдас­тырылды.

Мектептің орыс, ағылшын, қазақ тіл пән мұғалімдері дайындаған жүйріктері додаға қатысып, білімдерін нығайтты. Қазақ тілі пәні мұғалімі Мадина Шынтемірова дайындаған Вероника, Алима, Диана Хусайнова баптаған Марина, Фердаус, қазақ тілі пәні мұғалімі Дамира Жапарованың көркем тілді оқушылары: Аружан, Назерке, қазақ тілі пәні мұғалімі Гүлжайна Өзбектің мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік атанған Қайрат, Назугум, Артем, Анель есімді оқушылары және т.б. болды.

Құлақ құрышын қандырып жақсы дайындығын көрсеткен жүйріктер ерекше марапатқа ие болды. Соның ішінде бастауыш сынып оқушылары ерекше көзге түсті. Жеңімпаздарға мектеп директоры Ұлболсын Жанбаева І-орын Аружан Әлімжан, ІІ-орын Гузель,  Марина, Фер­даус, ІІІ-орын Томириске дәрежелі диплом­дарды табыстап, әр түрлі номинациялармен марапаттады.

 

Гүлжайна ӨЗБЕК.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close