Тастаяқ додасы табысты өтті

Алматыда бильярдтан Әлем чемпиондары анықталды

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бильярдөтан «динамикалық пирамида» бойынша  Әлем чемпиоөнатының финалдық ойындары өтті. Байрақты бәсекеде әлемнің үздік спортшылары бақ сынады.

Төрт күн бойы 19 елден келген 84 спортшы алып шаһарда бас қосып, өзара мықтыны анықтады. Оларөдың ішінде әлем чемпиондарымен қатар жас спортөшылар да бар. Жарыс нәтижелері бойынша әйелдер  арасында алтынды Беларусь спортшысы Екатерина Перепечаева жеңіп алды, ал күміспен Ресейден келген Диана Миронова күптелді. Қола жүлдені ресейлік Ольга Милованова мен Элина Нагула олжалады.

Ерлер арасында украиндық Дмитрий Белозеров чемпион атанды. Екінші орынды Ресей  спортшысы Иосиф Абрамов алса, үздік үштікті  қазақстандық Максим Пан мен Әлиxан Қаранеевтер қорытынөдылады.

– Мен ел чемпионаттарына 20 рет қатысқанмен, әлемдік додада алғаш рет жеңімпаз атандым. Өткен жылы қоланы олжалағанмын. Финалдық ойын қиын берілді, қатты қобалжыдым. Бірақ өзімді қолға алып, барымды салып ойнадым. Сол себептен де жеңдім деп ойлаймын. Бильярдта жеңіс сенің мүмкіндіктеріңе емес, ойлау қабілетің мен псиxологияңа байланысты, сондықтан ойың таза болу қажет, – дейді чемпионат жеңімпазы Дмитрий Белозеров.

Айта кетер жәйт, әлемдік бәсекеде еліміздің намысын үздік құрама команда қорғады. Қазақстан құрамасының сапында әлемнің үш дүркін чемпионы, Еуропа және Азия біріншіліктерінің жеңімпазы Әлихан Қаранеев, әлем чемпиондары Ернар Шымбаев пен Әлібек Омаров өнер  көрсетті.

Жарыс жүлдегері Әлиxан Қаранеев атап  өткендей, елімізде бұл спорт түрі қарқынды дамып келеді, жас спортшылар үшін Еуропадан тәжірибелі бапкерлер  шақырылды.

– Мен бильярд спортынан Ұлттық Федераөцияға осындай чемпионат ұйымдастырғаны үшін алғыөсымды білдіремін. Қола да жақсы жүлде деп ойлаймын. Қарсыөласөөтарымыз мықты болды, әсіресе, финалдағы чемпионмен кездесу жақсы өтті. Оларды да жеңістерімен құтөтықтаймын, – дейді Әлиxан Қараөнеев.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, диплом және кубоктармен марапатталды. Чемпиоөнаттың салтанатты жабылу рәсіміне бильярд спорөтынан халықаралық федерацияларының өкілдері қатысып, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға  алғыс  білдірді.

 

Нұр ҚАЙЫР.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *