Табан асты келген танымалдылық

Әйгілі актриса Сара Бернардың танымал болуына оның таланты ғана емес, сауатты насихат жұмыстарының да ықпалы зор болған екен. Бұл ретте әйгілі актрисаның суретшіге келгенде жолы болды. Париждегі баспаханада май-май болып жүрген суретші Аль­фонс Муха бір күнде танымал болып шыға келді.

Бәрі де кездейсоқтықтан басталды. 1894 жылы діни мереке қарсаңында баспаханада жолдасының орнын ауыстыруға келген оған күтпеген жерден бір тапсырма беріледі. Баспахана директорына «құдіретті Сараның» өзі телефон шалып, тез арада жуырда ғана қойылған «Жисмондо» спектакліне жаңа афиша жасау керектігін айтады. Мереке қарсаңында штаттағы суретші­лердің бәрі демалыста болатын. Алыс Чехиядан келген Альфонсқа осы тапсы­рысты орындауға тура келеді. Муханы сол күні пьесаны көріп келуге жұм­сайды. Алайда, кедейліктің шегіне жеткен оған дұрыс киім табу да оңайға соқпайды. Суретші спектакльдегі әрекеттердің нобайын қағазға түсіру бары­сында көз алдында көлбеңдеген цилиндр тәрізді шляпадан әбден көре­сіні көреді. Ақыр соңында бір көрер­меннің өтінішімен әлгі бас киімін шеше­ді. Ол осы пьесаның авторы Викторьен Сорду болып шығады.

Небәрі бір-екі күннің айналасында Муха ар-нуво стилін қолдана отырып афишаны аяқтап, директорға алып барады. Әлгінің жұмысына үрке қараған ол бұл жұмысты Бернарға қорқа-қорқа көрсетеді. Алайда, Бернар суретшінің еңбегіне қатты риза болып, онымен бес жылға келісім-шартқа отырады.

Сонымен «Жисмондоның» афишасы ар-нуво стиліндегі ең үздік туынды сана­лып, дара Бернардың аты одан сайын асқақтап, Муха да бірден танымал болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close