Табаковпен қоштасу бес сағатқа созылды

Мәскеуде күн райының қолайсыздығына, төпелеп жауған қарға қарамастан Олег Табаковпен қоштасу бес сағатқа созылды.

Көзі тірі куәгерлер бұл қоштасуды Пушкин, Высоцкиймен қоштасуға теңеп жатты. Сол күні Мәскеу гүлге оранды. Олег Табаков әр үйдің сүйікті актеріне айналғанына осынша халық нөпірі көз жасына ерік берудің өзі куә еді. Қоштасу сағат 9-ға белгіленгенімен, сегіз болмай жатып, соңғы 18 жылда ұлы актердің өзі басқарған Чехов атындағы Мәскеу көркем театрының алды кісіге лықа толды. Пушкинді қайдам, кеңес тұсында өмірден озған Высоцкийді шығарып салған адам саны шамамен 40 мыңнан асып түскен. Бұл жолы да солай болғанына күмән жоқ.

Қоштасуға Президенттен бастап Мәскеу тайлы-тұяғы қалмай келді. Тіпті, 95 жастағы Пушкин музейінің директоры Ирина Антонованы полицей жетелеп алып келді. Бұл күні полицейлердің өзі де бір түрлі мейірленіп кеткен тәрізді.

Ол соңғы спектаклінде «Бұл менің көрермендерді соңғы шақыруым» депті.

Режиссер Марк Захаровтың мына бір естелігі сондай әсерлі.

– Менің «Он екі орындық» фильмімде ол Альеханды ойнады. Мен оған «еркектің жылағанын, көз жасын көрсету керек» дедім. Ол «қашан? Жас қай көзімнен шығуы керек» деді. Мен «сол көзден» дедім. Айтқандай, оның сол көзінен жас сорғалап ақсын келіп. Бұл тек актерлік техника емес, бұл оның болмысы еді.

– Табаков еліміздің әрбір отбасының мүшесі болып кеткендей адам. Оның даусынан, әр сөзінен әркім де таниды, – деді РФ Мәдениет министрі В.Мединский.

Олег Табаковты шығарып салу кезінде көшеге сыймай, терезеден қарап тұрған жұрт дауыстап жылап тұрды.

Актердің мәйіті Новодевичье зиратындағы В.Зельдин мен Л.Броневтің қасына қойылды.

Жалпы, Ресей жұрты белгілі адамдарын соңғы сапарға шығарып салуда қашанда сол кісілік, биік парасат тұрғысынан айныған емес. Бұл жолы да солай болды. Табаковпен бес сағат қоштасудың өзі-ақ көп нәрсені айтып тұр ғой. Біздегі белгілі, елге еңбегі айрықша сіңген адамдардың бағасын білу, соңғы сапарына шығарып салу кейде мәдениет басшысының орынбасарының деңгейінде өтетінін де несіне жасырамыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *