Сұлу спорттың саңлақтары анықталды

Алматыда көркем гимнастикадан қыздар арасында қала біріншілігі өтті

«Темір Дос» спорт кешенінде өткен көркем гимнастикадан Алматы чемпионатыында 2002–2009 жылдары туған 300 спортшы өнер көрсетті. Олар үш күн бойы өзара мықтыны анықтады. Соңғы күні 2002 жылы туған спортшы қыздар жарыс жолына шықты. Жарыс нәтижелері бойынша қаланың үздік гимнастшысы болып Нинель Ниязова атанды.

– Мен осыншама қатысу­шының ішінде чемпион атанғаныма аса қуаныштымын. Мен енді қала біріншілігінің екі дүркін чемпионы болдым. Бұл адал еңбектің, күнделікті жаттығулар мен xореогра­фияның арқасында. Жалпы, жеңіс оңай ғана берілмейді, еренбей еңбек ету керек. Мен тоғыз жыл бойы гимнастикамен шұғылданамын, бүгінгі жеңіс осы жылдарда жинаған шеберлік пен тәжірибенің жемісі деп ойлаймын, – дейді жарыс чемпионы Нинель Ниязова.

Ал күміспен үш ұпай айырмасымен София Раченкова күптелді. Қола жүлде екі спортшының қанжығасына байланды. Олар – бірдей ұпай сандарын жинаған Дара Затынбек және Анастасия Рязанова.

Қала біріншілігінің басты мақсаты – Алматыда көркем гимнастиканы дамыту, гим­настшылардың шеберліктерін шыңдау, жастар арасында осы спорт түрін таныту және са­лауатты өмір салтын қалып­тастыру болып табылады.

Чемпионаттың жеңім­паздары мен жүлдегерлері медаль және дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға ұйым­дас­тырушылар атынан кішігірім сыйлықтар табысталды.

Жарыстың басты ұйымдас­тырушысы: Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

 

Гүлжауһар ЫРСЫМБЕТ,

Абылай хан атындағы ҚХҚӘТУ 4-курс студенті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *