Салауатты  шаһар –  салауатты  өмір

Алматыда  жыл басынан 700-ден астам спорттық шара өткізілді

Нұрлан СҮЙІН

 

Алматыда  2018  жылдың қаңтар мен сәуір айлары аралығында 778 спорттық  шара өткізіліп, 80  мыңнан аса  адам қамтылды.  Жа­рыс­тар қала тұрғындарын денешынықтыру және спорт­пен шұғылдануға, салауатты өмірді қалып­тастыруға, бұқаралық спорт­ты дамытуға бағыт­талған «Спорттық Алматы» және «Спорт менің ауламда» жобаларын іске асыру аясында өткізілген.

«Спорттық Алматы» жобасы аясында ұйымдастырылған  ау­қымды шараларға грек-рим күресінен Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған турнирін, аула командалары арасындағы футбол лигасын, шаңғы және коньки тебуді тегін үйрету сабақтары, шығыс жекпе-жек фестивалі, «Алматы Наурыз мерекесін тойлайды» спорттық-бұқаралық мерекесі, сондай-ақ ұлттық  спорт түрлерінен сту­дент­тер, мұғалімдер және оқу­шылар арасындағы жарыстар­ды атап өтуге болады. Жалпы, 71 957 адамның қатысуымен 715 шара өткізілген.

Жақын арада  «Спорттық Ал­маты»  бағдарламасы аясында вело­шеру  маусымы басталады. Соны­мен қатар, бокстан Амалбек Тшановтың және дзюдодан Бекет Махмұтовтың жүлделеріне арнал­ған турнирлер өтеді. Жылдың соңына дейін бұл жоба қала тұрғындары мен қонақтарын басқа да қызықты шаралармен қуантатын болады.

«Спорт менің ауламда» бағ­дар­ламасы аясында осы жылдың қаңтар мен наурыз аралығында 180 шеберлік сабағы мен ұлттық спорт түрлерінен 63 жарыс өт­кізілген. Осы спорттық шаралар аясында қамтылған Алатау және Әуезов аудандары­ның 3584 тұр­ғыны асық ату, бестас, бұқатар­тыс, тоғызқұма­лақ, тымақұру жә­не тағы да басқа спорт түр­лерінен өзара мықтыны анық­тады.  Ал­дағы уақытта, бар­лық қала аудан­дарында футбол­дан және стрит­болдан жарыстар ұйымдасты­рылады деп жос­парлануда.

Осы жылы басқа да аудан­дарды қамту аясында жаңа аула алаңдары іске қосылды.  Бүгінгі күні олардың саны 150 спорттық алаңдарды  құрайды. Еске сала кетсек, бұл алаңдарда аптасына 5 рет тәжірибелі нұсқаушылар жалпы 16 мыңға жуық балалар мен жасөспірімдерді жаттық­ты­рады. «Спорт менің ауламда» жо­басы өткен жылы іске қосы­лып, 3 жылға дейін жалғасатын болады. Оның бірден-бір ерек­шелігі  7–17 жас аралығындағы кез-келген жеткіншек  нұсқау­шымен бірге өз алаңында жаттыға алады.

Толық ақпаратты sportvod­vor.kz ресми сайтынан біле аласыздар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *