Рухани дамудың өзегі жатыр

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақа­ласы  мен қазақпын деген кез-келген азаматқа үлкен серпіліс берген ауқымды мақала. Бұл мақа­ланы мазмұ­ны терең, мағынасы зор, саяси страте­гиялық құжат деп атауға болады. Ұлттық идео­ло­гиямызды ұлықтайтын, ұлттық сана-сезімімізді  оятып,  пат­риоттық рух беретін жаңа идеоло­гиялық концепция деп атауға болады. Мұнда ХХІ ғасыр­дағы ұлттық  сана­мызды жаңғыртудың өзекті мәселе­лері қарас­тырылған. Жаңғыр­ған қоғам – тарихтың тере­ңінен бастау алатын ұлттық кодымен ерекше.

Ұлттық код дегеніміз – тіліміз, дініміз, дәстү­ріміз, мәде­ниетіміз, бізді өзге ұлттан айшық­тайтын  асыл қасиетіміз, ұлттық спецификалық ерекше­лік­теріміз. Мақаланың өзегі – рухани  жаңғыру.  Мақалада бес бағдар атап көрсетілген 1. Бәсекеге қабілеттілік. 2. Прагматизм. 3. Ұлттық бірегейлік. 4. Білімнің салтанат құруы  5. Қазақстанның эволюциялық дамуы деп аталған. Сондай-ақ, рухани сана үндестігіне ерекше мән беріліп, қоғамның рухани жаңғыруының нақты саяси идеологиялық міндеттері нақтыланған. Әлемдік қоғамдастықта  өзіндік орны бар  қазақ елінің  басты мақсаты – өз жеріне өз байлық­тарына  ие болып, өзіне тән ұлттық ерекшеліктерін сақтай  отырып, әлемдік өркениетке қол жеткізу.

Ұлттық кодтың мәні мен мазмұнында  шын мәнінде  рухани дамудың өзегі жатыр. Рухани даму  адам  капиталының сапалы дамуына гума­низммен ізгілікке ұлы Абай айтқан «адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген даналыққа жол ашады.  Мақаладағы ең ұтымды ойлардың бірі – гуманитарлық білімді күшейтуге ерекше мән берілгендігі бізді қуантады. Соңғы жылдардағы гуманитарлық пәндерге деген көзқарастың  бәсеңдеп кеткені ешкімге де құпия емес. Енді осы олқылықтың орнын толтыратын  уақыт та жетті. Әлеуметтану, саясаттану, Қазақстан тарихы пәндерін  оқытудың қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл өте орынды, дер кезінде көтеріліп отыр. Бүгінгі студент ертенгі жас маман болашақтың іргетасын қолмен құятын адам. Әсіресе, жастарымыздың мемлекеттің идеологиясын анық түсінуі маңызды міндет. Қоғам туралы өзінің азаматтық позиция­сын қалыптастыру да өзекті мәселе екені айтпаса да түсінікті.   Сондай-ақ, гуманитарлық білімнің эконо­микаға ықпалы зор екенін  ұмытпауымыз керек. Еліміздің жүргізіп отырған идеологиясын дұрыс түсінген адам ғана  қоғамдық пікірді түсіне алады. Қоғамдық-гуманитарлық білімнің алатын орны да осымен ерешеленеді. Жаһандық дамудың жаңалықтарын оқып түсіну арқылы студент  салыстырмалы талдау, логикалық ой түйіндеуді үйренеді, студенттердің гуманитарлық пәндерді оқу арқылы азамат­тық позициясы қоғамдық көзқара­сы өзіндік дүниетанымы қалыптасады. Әсіресе, жас ұрпақ өзге діннің,  өзге идеоло­гияның жетегіне еріп кетпес үшін мемлекеттік саясатты жақсы білуі тиіс. Өзіндік пікірі, өзіндік көзқарасы бар азаматтарды қалыптастыру басты парызымыз. Жаһандану жағдайында   білімді креативті идеясы бар  үлкен ақыл-ой иесін жалпы интеллектуалды ұрпақ қалыптастыруда да гуманитарлық білімнің өзіндік үлесі бар екені даусыз шындық. «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлеке­тіміздің саяси-әлеуметтік дамуына бағытталған кешенді жоспар. Өткен тарихымыз эволюциялық даму ғана ұлттық өркендеуге жеткізетінін  дәлелдейді. Рухани жаңғы­ру – ұлттық өркендеудің жаңа саяси платформасы. Бұл – қазақ өркениетінің  жаңа дәуірі – рухани дамудың ренесансы. Рухани  жаңғыруды халық жылы қарсы алғанын   баспасөз беттерінен оқып жүрміз. Бұл, әсіресе, ғылыми жұртшылыққа  инте­лектуалдық топтарға  үлкен серпіліс берді. Бұл – шын мәнінде рухани сілкініске үндейтін құжат.

 

Бибігүл ИМАНБЕКОВА,

саяси ғылымының докторы,   ҚазМемҚызПУ-дің  қоғамдық-гуманитарлық

пәндер кафедрасының  меңгерушісі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *