Психолог-ғалымның он томдығы жарық көрді

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ

 

Ұзақ жыл психология ғылымы сала­сында жемісті еңбек етіп келе жатқан профессор Қ.Жарықбаевтың «Қазақ психология ғылымы» атты он томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Бұл еңбекті қазақ ұлттық психология ғылымының қарқынды дамып отырға­нының жарқын көрінісі деп бағалауға әбден тұрарлық. Он томдық қазақ-орыс тілдерінде құрастырылған. Оның бірінші томы қазақтың психологиялық ой-пікірінің қалыптасу және даму тарихы (VІ-ХХ ғасыр); екінші том орыс тілінде жазылған (оның көшірмесі емес), «Основные этапы истории становления и развития казахской психологической мысли» (VІ-ХХ ғасыр); үшінші том қазақтың ардагер ғұламалары, Алаш қозғалысының белсенді өкілдері Х.Дос­мұхамедов, Ж.Аймауытов, М.Жұма­баевтың психологиялық мұраларын талдауға арналған. Бұл том «Қуғындал­ған қазақ психологиясы» деп аталады. Төртінші томға «Кеңес дәуірінде ана тілімізде жарық көрген психологиялық зерттеулердің мәтіндері (1917—1991 жылдар)» енген. Ғылыми мәтіндерді жариялауды қазақ ғылымында психо­ло­гия алғаш рет көтеріліп отыр. Бесінші томға жалпы психологияның жоғары оқу орындарына арналған он бір рет қайтара жарық көрген еңбек енсе, алтын­шы томға «Ұлттық психология мен этика» деген атпен орта мектеп оқушыларына арналған. Қазақ және орыс тілінде жазылған жетінші том «Жалпы қазақ этнопсихологиясы» деп аталады. Келесі сегізінші томның көтерген жүгі де ауыр. Ол белгілі ғалым, профессор Ө.Озғанбаевтың қаламынан «Қазақтың шешендігі мен көсемдігінің психологиясы» (публицистикалық психология) деген атпен осы серияға қосылса, тоңызыншы том 1917—2017 жылдар аралығында бір ғасыр шама­сында жарық көрген ғылыми еңбек­тердің психологиялық библиогафиясы» деп аталса, оныншы том «Психоло­гияның қазақша түсіндірме сөздігі» деген атпен берілген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры Қ.Жарықбаев жетпіс жылға жуық жоғары оқу орындарында үздіксіз оқы­ту­шылық қызметпен жемісті айналысып келеді. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Қазақстан Педагогикалық ғылым акаде­миясының және Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі, өзге де жоғары ғылыми лауазымдардың иесі Қ.Жарықбаев өзі ұзақ жыл зерттеп жүрген психология саласы бойынша оқулық­тардың авторы болумен қатар, көптеген ғылыми қызметкерлерді даяр­лап шығарған көрнекті ғалым ретінде танымал.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *