Патриотизм ұстап тұрған ел

«Ирландықтарға ешқандай әлеу­меттік жарнаманың керегі жоқ, патриотизм олардың қанында бар».

Өр көңілді, рухы биік ирланд халқы­ның әр өкілінің кеуде соғып айтатын сөзі бұл. Олар, ең алдымен, өз отандық өнімін тұтынады, өзінің ұлттық өнерін, мәдениетін аса құрмет тұтады. Кез-келген ирландиялықтың отбасында халық шығармашылығымен айналыс­пайтын адам болмайды. Кез-келген құрылысшы немесе фермер ән салады, музыкалық қабілеті кәсібилерден де жоғары.

«Саған ирландық болып тусаң жолың болған екен, мүлдем жолың болғаны» деген мақал бар бұл халықта.

Бұл ел ұзақ жылдар бойы Британ боданында болған. Өз дінін ұстанып, ана тілінде сөйлесуіне тыйым салынған. Тек 1931 жылы тәуелсіздік алған соң барып көзі ашылды. Дублинде алғаш әскери шеру өткен күннен бастап бұл елдің рухы дүрк көтерілді.

Айналып келгенде, бұл елді ұстап тұрған патриотизм. Ұлттық патриотизм.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close