Наурыз – рухани  жаңғырудың  бастауы

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне де санаулы  күндер қалды. Осы ретте қаламызда мере­кеге қызу дайындықтар басталып, түрлі іс-шаралар әзірленіп жатыр. Соның бірі, күні кеше қаладағы  Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназияда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясын­да өткен «Наурыз – рухани жаң­ғырудың бастауы» атты қалалық көркемсөз сайысы болды.

Жалпы, бұл сайыс ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлер маңызын, Наурыз мейрамының тіршілік пен татулықтың, толерант­тылықтың бастауы екенін дәріптеу, жас ұрпақты ана тіліміз­дің тұнығы мен тереңінен сусын­дату, дарыны мен шығарма­шылығын ұштау әрі қолдау мақсатында Алматы қаласы Білім басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

Әрине, Наурыз мейрамына арналған қалалық көркемсөз сайысы өте жоғары деңгейде өтті. Гимназия директоры А.Би­жанов сайысқа қатысушыларды  мере­ке­­мен құттықтап, сәттілік тіледі. Ал келген қонақтар мен қаты­сушыларды гимназия оқушыла­ры­нан құралған «Атаме­кен» оркестрі керемет күйлерімен қарсы алып, ерекше көңіл-күй сыйлай алды. Сайыс­тың  беташа­рын гимназия оқу­шы­ларынан құралған «Нарқыз» би ансамблі ашты.

Сайысқа Алматы қаласының 200 мектебінің  ішінен 100-інен сұраныс түсіп, жалпы  саны 130 оқушы сайысқа арнайы қатысты. Бұл ретте қатысушылар екі аталым бойынша сынға түсті. Соның ішінде «Қош келдің, әз-Наурыз» аталымы бойынша 3–7 сынып оқушылары Наурыз мерекесіне арналған өлеңдерді жатқа оқыса, ал «Жыр жазамын жүректен» номинациясында  8–10 сынып оқушылары жүрек түкпі­рінен шыққан авторлық өлеңдерін оқыды.

Ерекше бір атап өтетіні, сайысқа қатысушы оқушылар­дың дені қазақтың ұлттық киімі­мен келгендеріне дән риза бол­дық. Көрермендер қатысушы­лардың ерекше талантына тәнті болды. Нәтижесінде сайысқа қатысқан оқушылардың барлығы сертификаттар мен ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Енді біраз уақыттан соң Күн мен Түн теңеліп,  Жер-Ананың бауырын­дағы бар тіршілік ұйқысынан оянып, шуақ шашқан Наурыз мейрамы бар әлемге қуаныш ала келеді!

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close