Мерейтой қарсаңындағы іс-шараларға арналды

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ректоры Ғалым Мұтанов Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан­дағы ЮНЕСКО өкілдерімен, Алматыдағы ЮНЕСКО кластерлік бюросының дирек­торы Криста Пиккатпен кездесті. Кездесу Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы қарсаңындағы іс-шараға арнал­ған болатын. 

2016 жылы БҰҰ-ның «Өркениеттер альянсы» VІІ ғаламдық форумында «Әл-Фара­би-өркениет философы» атты секция­сының ашылуы кезінде шығыстың екінші Аристотелі, ұлы ойшыл және ортағасырлық ғалым-энциклопедист Әбу Насыр әл-Фара­бидің мерейтойын атап өтуді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұсынғанын атап өткен жөн. Секция жұмысы барысында ҚазҰУ-нің қайырымды қоғамды дамыту концеп­циясы шетелдік ғылым белділері арасында кеңінен қолдау тапты. 2020 жылы ЮНЕСКО ұйымының басшылығымен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өту туралы жоспарланған іс-шара өтеді.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов атап көрсеткендей: «ҚазҰУ-де әл-Фараби мұра­сын зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Уни­вер­ситетте ұлы ойшылдың мұражайы ашылып, кітаптары жарыққа шығарылып, халықаралық Фараби оқулары өткізіліп отыр. ҚазҰУ Ыстамбұл және Иордан уни­верситеттерінде әл-Фараби ғылыми орта­лықтарын ұйымдастырды. Сонымен қатар, жоғары оқу орны технология мен рухани-адамгершілік қасиеттер біріккен тұғыры негізінде жасалған Al-Farabі Unіversіty smart cіty атты бірегей жобасын ойдағыдай жүзеге асырып келеді».

Қонақтарды университеттің «Қоғамның қайырымды тұрғындарын қалыптастыру» деген бүгінгі міндетті жобасымен таныс­тыра келіп, ректор  Әбу Насыр әл-Фараби­дің өркениет туралы еңбектері мен фило­софиясы, олардың жаһандану кезеңіндегі өзектілігінің өскені туралы да айтып өтті.

Бұл жоба әл-Фарабидың трактаты мен Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы айтыл­ған ойлармен сабақтасып жатыр. Кездесу кезінде шығыстың ұлы ғалымының ойлары мен еңбектерін кеңінен жария ету үшін әлемдік деңгейдегі «Әл-Фараби – 2020» атты кең көлемдегі ақпараттық-насихаттау жұмыстары қолға алынғаны туралы баса айтылды.

Осыған байланысты үстіміздегі жылдан бастап белгіленген жоба бойынша біздің елімізде және шет елде бірқатар іс-шаралар өткізу көзделіп отыр.

Өз кезегінде Алматы қаласындағы ЮНЕС­КО кластерлік бюросының директо­ры Криста Пиккат іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне барынша күш салатынын жеткізді. Кездесу барысында тараптар алда өтетін іс-шаралардың концепциясы мен ұйымдастыру жақтарын талқылады және алда болатын жұмыстардың бағыттарын белгіледі, — деді ҚазҰУ баспасөз қызметі.

 

Р.Ережепқызы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Заң факультеті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close