«Менің күйеуім Жер бетіндегі ең романтик жан ғой»

 

* * *

«Менің күйеуім Жер бетіндегі ең нәзік жүректі, романтик жан ғой, шіркін! Кеше тосын сый жасайын деп оның машинасының капотына темірмен тырнап жүректің суретін салып едім, көріп, жылап жібер­ді!..», — депті ғой бір келіншек.

 

* * *

Әйелі қиқылдатып-шиқылдатып скрипка тартып жатыр екен. Күйеуі шыдамай кетіп:

– Жарайды, тоқтат енді! Айтқан көйлегіңді әперемін! – депті.

 

* * *

– Әйел адам түк жоқ жерден не жасай алады?

– Салат және трагедия!

 

***

Бір әйелдің әңгімесі.

– Кеше қол сөмкемнің ішін тазалай қояйын деп едім, сыртқа екі шелек қоқыс шығаруыма тура келді…

 

***

– Қалай ойлайсың, мына көк көйлекті киейін бе, әлде омыра­уында алтын сары жылтырақтары бар қызыл көйлекті кигенім дұрыс па? Бәлкім, сен көктемде сатып әперген қара кофта мен ақ шалбар­ды киермін? – деп сұрайды әйелі күйеуінен.

– Сен өзі қайда бармақшысың?

– Қоқыс төгіп келейін деп ем…

 

***

Бір әйелдің әңгімесі: «Кеше күйеуім әбден ашуға мініп, мен туралы не ойлайтынын еш бүкпесіз жайып салды. Тыңдап отырып, байғұсты тіпті аяп кеттім: сондай адаммен қалай осынша жыл бірге тұрып келе жатыр?!».

 

***

Перзентханада жас босанған келіншектің құрбысына жазған sms-хабарламасы: «Кеше үшем тудым. Үшеуінің де денсаулығы дұрыс. Өзімнің жағдайым да жаман емес. Дәрігерлер қазір күйеуімнің өмірін сақтап қалуға тырысып жатыр».

 

***

Бір әйелдің сыры: «Біздің үйдегі жігіт – ер біткеннің ерекшесі ғой, шіркін! Күнде мені жақсы көретінін айтады, таңертең қоштасарда және кешке қауышарда үнемі құшақтап бетімнен сүйеді, көшеге бірге шық­сақ, ылғи қолымнан ұстап алады, мере­келерде мейлінше жүрек елжі­ретер сыйлықтар жасайды! Тек… кейде «бала­бақшаға бармай­мын!» деп қиғылық салатыны болмаса…».

 

***

Робин Гуд үйленген соң, оның байлардан тартып алған дүние-мүліктерінің бәрі бұрынғыдай кедей­лердің қолына тимейтін болыпты…

 

Әзірлеген — Сәкен СЫБАНБАЙ.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close