Мамандар бейнекамералармен жабдықталмақ

Бұдан былай шаһардағы қаңғыбас ит-мысықтарды аулау қызметінің жұмысы бейнекамераға тіркеліп отырады. Алматы қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Айдын Керімбектің айтуынша, ит аулауға шыққан мамандарымызды бейнекамералармен жабдықтаймыз. Жаңа құрылғы жануарлар тиелетін көлікке орнатылады және жұмысшылардың кеуделеріне ілінеді.
– Әйтпесе шағым көп, дәлел жоқ. Жұмысшылар камераны өздігінен өшіре алмайды. Қаңғыбас ит-мысықтарды аулау кезінде озбырлық көрсеткен жұмысшылар жазаға тартылып, тіпті, жұмыстан қуылмақ, – дейді А.Керімбек.
Аталған басқарманың хабарлауынша, өткен жылы қалалық ветеринария қызметі көшелерден 23 309 ит пен 578 мысық аулаған. Соның ішінде 2 мың 975 ит пен 340 мысық иелеріне қайтарылыпты.