Көз тиюден құтқарды

Үндістандық фермер Ченчу Реди көп уақыттан бері аппақ және түрлі-түсті капуста өсірумен айналысады. Оның ойынша оның өнімдеріне ауылдастары мен сырттан келушілер сұқтанып қарайтын тәрізді. Осыны ойлап басы қатқан ол түрлі әрекеттерге барып, істемегені қалмайды. Әуелде бәрі тәуір басталады да, артынша дұрыс өнім алмай қалады. Ақыр соңында ол менің бақшама көз тиді деп шешеді. Ол үшін ол бақшаға түрлі қорқынышты нәрселерді іліп қойды. Бірақ оның еш көмегі болған жоқ. Ақыр соңында оның басына керемет ой келді. Ол бақшаның тура ортасына тегі үнділік канада-американдық порножұлдыз Санни Леоненің жартылай жалаңаш суретін іліп қойды. Енді жұрттың көзі қызыл кеудеше киген қызға түсетін болды. Ал капуста болса өзімен-өзі үлкейіп өсе берді. Ол әлгі порножұлдыздың магиялық күші бар деп есептейді. Оның бейнесі ілінгеннен бері фермер көп жылдан кейін бақшасынан керемет өнім алды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *