Күрзі жұдырықты күштілер анықталды

Алматыда ересектер арасында бокстан қала біріншілігі өтті

Чемпионат 1999 жылы туған және ол жастан ересек былғары қолғап шеберлері арасында ЦСКА спорт кешенінде төрт күн бойы өткізілді. Алып шаһардың әр клубынан келген 100-ге жуық спортшы 10 салмақ дәрежесі бойынша AІBA ережелеріне  сәйкес өзара мықтыны   анықтады.

Көрермендерді қызыққа баулап, жоғары деңгейде бокс көрсете білген қатысушылардың арасында жеңімпаз атанғандар Алматы қаласы құрамасына кіруге мүмкіндік алды. Олар: Мардан Берікбаев (49 кг.), Арнұр Асқанбай (52 кг.), Жандос Шерали (56 кг.), Мейрамбек Мұxтаров (60 кг.), Бекжан  Асқанбай (64 кг.),  Демежан  Сайдағали (69 кг.), Сапарбай Айдаров (75 кг.), Дәуіржан Саржан (81 кг.), Мақсат Марат (91 кг.), Ахмед Гадаборшев (91+ кг.).

– Жарыс өте жақсы деңгейде өтті. Былтырғы нәтижемді қайталап, мықтылығымды дәлелдедім. Қарсыластарым өте шебер болды, барлығын да жақсы танимын. Өзімнің бапкеріме мені осындай дәрежеге жеткізгені үшін алғыс айтамын. Міне, бокспен шұғылданғаныма 12 жыл  болды, көптеген жарыстарға қатысып, жүлдегер атанғам, енді ел чемпионатын ұтсам ба деймін, – дейді Мейрамбек Мұxтаров.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медальдармен марапатталып, түрлі аталымдар бойынша үздік атанғандар кубоктарға ие  болды. Олар: Ерлан Нұрышов «Үздік төреші», Арнұр Асқанбай «Үздік техника», Демежан Сайдағали «Үздік спортшы»,  Мұxамеджан Абдурасулов «Жеңіске деген жігері  үшін».

Алматы қаласының Дене шынықтыру  және спорт басқармасы мен Алматы қаласы бокс федерациясы ұйымдастырған бұл чемпионаттың басты мақсаты –еліміздегі спорттың бокс түрін насихаттау және бұқаралық дамыту. Және жастар арасындағы қала құрама командасын жасақтау үшін мықты боксшыларды анықтау болды.

Айдана ӘДІЛБЕКОВА,

ДШжС басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

1 пікір

  1. БАҒЫ БАЙЛАНҒАН БАҒЫТ….
    Құрметті Алматы ақшамы газетінің ұжымы! Сіздердің газеттеріңіз арқылы көптеген әлеуметтік мәселелердің шешіліп жатқандығына, қала тұрғындарының барлығы да дән риза. Осы бағытта әлі де талай мәселелерді шешетіндеріңізге біз кәміл сенеміз. Әрине күнделікті өмірде көптеген келеңсіз жайттардың болып жататындығына, бұл күндері етіміз үйреніп қалғаны сондай, алаңсыз жүре беретін болдық. Алайда біздерді алаңдататын, әрі кезек күттірмейтін бір мәселе туындап отыр. Ол әрине баяғы көлік қатынасы мәселесі.
    Біздер осы мақаланы жазып отырған себебіміз, біз тұратын Шаңырақ-1, Шаңырақ -2 ықшам аудандарынан Саяхат, Кек базар бағытына жалғыз ғана № 133 бағыт қатынасатын. Кейінгі кездері бұл бағыттағы автобустар өте сирек жүретін болған еді. Міне ақыр аяғы мүлдем құрдымға кетіп, тіптен жүрмейтін болды. Тұрғындардың біраз бөлігі осы аймақта жұмыс істейді немесе оқиды. Оларға діттеген жеріне уақытында жету үшін, ерте тұрып басқа көліктерге ауысып мінулеріне тура келеді. Осы жайт әсіресе қарт адамдар мен балаларға қиын тиіп отыр. Көптеген жолаушылардың екі-үш рет ауысып мінулеріне тура келеді. Бұл олардың тапқан табысының біраз бөлігінің жолға кететіндігін көрсетеді. (Кейбір адамдар 20-25 мың еңбек ақыға істейді). Мақала атының да «Бағы байланған бағыт» аталуының өзі көп жайтты аңғартса керек. Сондықтан Сіздер арқылы Алматы қаласының әкім Бауыржан Байбек мырзаға құлаққағыс еткіміз келетіні! Құрметті Байбек мырза! Сізден жоғарыдағы аталған елді мекендерден осы бағытта жаңа бағыт ашуға немесе бұрынғы көлік қатынасын қалпына келтіруге көмектесуіңізді сұраймыз! Өтінішіміз аяқсыз қалмайды деп сенеміз!

    Аталған елді меендер тұрғындары атынан: Оразақынов Керімақын Батырхан ұлы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *