Коньки қызығы таусылмайды

Медеуде конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары жалғасуда

«Спорттық Алматы» бағ­дарла­масы аясында тегін коньки тебуге үйрету сабақ­тары  Медеуде өтті.   

Тәжірибелі нұсқаушылар барлық қалау­шы­ларға коньки тебуді үйретіп, Медеу  қонақ­тарының  қауіпсіз  сырғанауын  қамтамасыз  етті.  Сонымен қатар, биік таудағы мұз айдын­ның келу­шілері көптеген қызықты ойын­дарға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алды. Еске сала кетсек, бұған дейін мұндай шаралар Алматы қаласының тегін мұз айдындарында өткен бола­тын.

Бүгін керемет күн, ұйым­дастыру­шыларға осындай көңіл-күй үшін алғысымыз шексіз. Жүргізуші барлығын түрлі ойын­дармен қызық­тырды. Балалар нұсқаушы­лармен  сырғанап та, билеп те, сыйлықтар  ұтып та үлгерді. Ұлым сайысқа қатысып, маған 8 наурыз мерекесіне орай термос сыйлады. Сыйлықтар үшін көп-көп раxмет, – дейді Медеуге келген Татьяна Ували.

Айта кетер  жәйт, спорттық  шараның  басты мақсаты –  қала­дағы  бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын  ұстануға  шақыру   болып  табылады.

«Спорттық Алматы» бағдар­ламасы қала­дағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында  жүзеге   асырылды.

 

Ұлдай ЖАҢЫЛБЕК,

Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжӘТУ-дің 4-курс студенті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *