Зейнеткер зерікпейтін болды

Зейнетке шығып, жұмыстан қол үзген адамның қол-аяғын сыйғызар жер таппай қиналатын сәті аз емес. Жағ­дайдың түзелгені болар, билік соңғы кез­де бұл мәселеге де көңіл бөле бастады.

Таяуда Алмалы ауданының Арда­герлер кеңесі соғыс және тыл ардагер­лері кеңесімен біріге отырып, тың бастама көтерді. Оған сәйкес Гагарин және Жароков көшелері қиылысының аралы­ғында Абай даңғылындағы №4 кітапхана базасында арнайы дәрістер өткізілмек. Онда зейнеткерлер компью­терді мең­геру сияқты түрлі заманауи жұмыстарға үйретіледі.

Бәрінен бұрын зейнеткерлердің зерігуінің алды алын­бақ. Қазірдің өзін­де дәріске 15 адам тартылып, оқытылып жатыр.

Бұл да болса шаһардың тың жаңа­лығының бірі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *