Жаңғырудың бір бастауы

«Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалы Наурыз мерекесін өткізді

Наурыз – көктем мейрамы және шығыс  халқының Жаңа жылы. Бұл мереке – достық пен бірліктің мейрамы болуымен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған, өнегелі, өнерлі азамат тәрбиелейтін ұлттық мейрамымыз. Салт-дәстүріміз бен рухани құндылықтарымызды түгендеген заманда Наурыз мерекесі «Рухани жаңғырудың» да бастауындай.

Осы бір айтулы мереке «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен өтті. Мерекелік іс-шара барысында «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұханқали  Алмасаев, аудан әкімінің орынбасары Саят Ағыбаевөтар аудан тұрғындарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ауданның дамуына өз үлестерін қосқан, келешек жас ұрпаққа үлгі болатын бірнеше азаматты  «Нұр Отан» партиясыөның Алғыс хаттарымен мараөпатөтады. Конөцерттік бағдарламаға ұласқан мерекелік шарада «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері және эстрадамыздың жарқын жұлдыздары С.Нұрмағанбетова, Ж.Жекөсенөұлы, Қ.Бекіш, Мирас пен Құралай сияқты әншілеріміз өз өнерлерін көрсетіп, жиналған халыққа керемет көңіл-күй сыйлай білді. Сонымен қатар, ұлттық қолөөнер туындыларынан көрмелер ұйымдастыөрылып, тегін наурыз көже таратылды.

Қазақша күрес, арқан тартыс, асық ату, қой көтеру сияқты спорт түрлерінен өткен сайыстардың жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздарды мерекенің қонағы, Қазақ күресі федерациясының тұңғыш презиөденті, профессор Ерғали Мұхитдинов мақтау қағаздары, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Мереке соңында жиналған халық тігілгін қазақ үйлерге кіріп, ұлттық тағамдардан дәм татты.

 

Құдайберген ҚАБДОЛДИН,

Алатау аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

 

Алатау ауданында Ұлыс мерекесі ай бойы тойланады. Аудан ардагерлері барлық іс-шараның қадірлі қонақтары. Бүгін аудандағы 29-емхана, Мандоки атындағы мектеп, басқа да бірнеше жерде Наурыз тойланып жатыр. Биылғы мерекелер ерекше өтіп жатыр. Жер-жерде ұлттық құнөдылықтар ұлықталып, салт-дәстүр жаңғыөрып, ұлттар достығы айшықталып, ортақ мереке керемет өтуде. Халық риза. Бүгінгі аудандық  «Нұр Отан» филиалының Наурыөзы да жоғарғы деңгейде өтті. Мұхан баламызға рахмет.

 

Мұханғали АЛМАСАЕВ,

партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

 

Ұлыстың ұлы күнін мерекелеп, халықөтың ықыласына бөленіп жатырмыз. Рахмет. Мен ел алғысын осынау ортақ іске демеуші болған, ұйымдастыруға атсалысқан аудан кәсіпкерлерімен, бастауыш партия ұйымдарымен бөліссем деймін. Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтпаса керек.

 

Салтанат АХМЕДЖАНОВА,

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының қызметкері.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *