Жастар жақсы ой түйіп қайтты

Алмалы ауданы әкімі аппа­ратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.На­зарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бір жылдығына орай М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында «Рухани жаңғыру – Ел­басы таңдауы, қоғамның қолдауы» атты «Дөңгелек үстел» ұйымдас­тырылды.

Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова «Ру­хани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан аумағында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, шараны ашып берді.

Кейін сөз алған Алматы қалалық Кардиологиялық орта­лығының бас дәрігері, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Алмат Қодасбаев, «Қыран» қоғамдық қорының ат­қарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы, «Ахыска» түрік этно­мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Қазақбай Қасымов, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Дулат Қасымов және академия профессорлары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтып, жастарды өз елін, туған жерін сүюге шақырды.

Шара соңында студент жастар өз пікірлерін білдіріп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын сөз етті.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *