Ережесіз жекпе-жек ерлердің ісі

Жалғас Жұмағұлов Fіght Nіghts Global 86 турнирінің жеңімпазы атанды

Алматыда өткен Fіght  Nіghts Global 86 ережесіз жекпе-жек турнирі «Almaty Arena» спорт кешенінде ұйымдас­тырылды. Отан­дасымыз өз қарсыласы Тайсон Нэмді 5 ке­зеңнің барлығында да басым­дықпен, ұпай са­нымен жеңіске жетті.  

 – Шынымды айтсам, Жал­­­ғастан осындай кез­десуді күт­пеген едім, ол өз мықты­лығын дәлелдеп, ме­нің соққыларыма төтеп берді, – деді Тайсон Нэм.

Ал, Жалғас барлық келу­­­шілерге өз алғысын біл­діріп, қуанышын жасыр­мады.

– Тайсон мықты әрі ше­бер спортшы. Бүгінгі жеңі­сіме риза­мын. Соңғы раундқа дейін күре­семін деп шыққан бола­тынмын, мақ­сатымды орында­дым. Өз елімнің туын көкке жел­бірете бергім ке­леді. Алға, Қазақстан! – деп өз ойымен  бөліс­ті.

Айта кетсек, бұл турнир аясында жалпы саны 11 кездесу ұйымдастырылды. Олардың төртеуі АDCC ережесі бойынша өткізілді. Басты кездесуде Ержан Естанов (Қазақстан) пен Расул Мирзаев (Ресей) – 65.9 келі салмақта шыққан болатын. Алайда, ресейлік спортшы ұпай саны бойын­ша жеңіске жетті. Өз кезе­гінде Ержан Естанов жан­күйерлердің үмітін ақта­мағаны үшін кешірім сұ­рады, ал Расул болса жан­күйерлердің қолдауына алғыс білдірді.

Мен өзімнің туған кү­німді осымен Алматыда үшінші рет тойладым. Бұл жер менің туған қаламдай болып кетті. Бүгінгі кездесу тамаша өтті, өз қарсы­ла­сыма жақсы кеш үшін алғыс айтамын. Ержанға қолдау көрсе­тіп қойыңыздар, ол аян­бай соңына дейін кү­ресті, – деді Расул Мирзаев.

Сонымен қатар, қазақ­стан­дықтардың қатарында Мансұр Хабибула (греп­плинг), Мұратбек Қасым­бай, Дәурен Ермеков, Жұман Жұмабеков (ММА) жан­күйерлерді жеңісімен қуант­ты.

 

Айдана ӘДІЛБЕКОВА,

ДШжС басқармасының баспасөз қызмет.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *