Дәрігерлер ұмыт қалған салт-дәстүрді жаңғыртты

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

 

Күн сайын мың бояулы түрге енетін Алматының ажарын әлі күнге дейін жал­ғасып жатқан Наурыз мерекесі  одан әрі шырайландыра түсуде. Биылғы  Наурыз бұрыннан  өткізіліп жүрген  мерекелерден  өзгешелеу өтіп жатыр десек, артық айтпас­пыз. Оған Алатау ауданына қарасты №29 емханада өткен Нау­рыз мерекесі  дәлел бола алады.

Емхана ұжымы наурызға арналған мәдени шараларын  Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында өткізіп,  осы бағдарламада айтылғандай, ұмытылып, естен шығып бара жатқан салт-дәстүрлеріміз бен  жоралғы­ларымызды  сахналық көріністер арқылы көрсетіп,  ұлттық құндылықтарымызды ұлықтады. Емхана­ның ақ желеңді абзал жандары  көпшілікке ұсынған құрсақ шашу,  қаз тұруға талпынып жүрген бала­ның бауырынан табақ алу, сырқаттанып жатқан адамның сауығып кетуіне септігі тиер белтарту сынды дәстүрлеріміздің ұмытылып бара жатқаны шындық. №29 емхананың  қызметкерлері  2018 жылдың Алматы қаласы бойынша «Қарттар жылы» деп  жарияланғанын мерекеге жиналған жұртшылықтың есіне салып,  ықшамау­данның құрметті қариялары мен емхана­ның ардагерлеріне  құрмет көрсетіп, оларға  арнайы шақырылған «Отырар сазы» оркестрінің орындауындағы ән мен күйлерден мерекелік тарту жасады. «Алғабас» ықшам­ауданын халық әні мен қазақтың күй күмбіріне бөлеген бұл мерекелік жиында осы ықшамауданның  ақсақалдар алқасының төрағасы  Мәлік Жапақов,  осы аурухананың бұрынғы бас дәрігері, бүгінде зейнет жасына шығып, өзінің болашақ ізбасарларына дәріс беріп жүрген Алтыншаш  Айғырбаева, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләйла  Тұрсын­бекқызы,  Алатау аудандық меди­цина бірлестігінің бас дәрігері, «Дарқан» ықшамауданындағы №25 емхана­ның бас дәрігері  Әлия Мазбаева сөз алып, емхана қызметк­ерлері мен мерекелік іс-шараға арнайы шақырылған  аудан тұрғын­дарын Наурыз мерекелерімен құттықтады.   Мереке барысында емхана­ның бас дәрігері  Ақмира Садықова жыл бойы белсенді қызметімен ел құрметіне бөленіп,  ұжым­ның қоғамдық өміріне белсене қатысқан және наурыз мерекесінде өнер көрсеткен қызметкер­лерді арнайы дипломмен мара­паттап, мерекелік сый-кәде жасады.

–  Өздеріңізге белгілі, 12 сәуірде Ел­басы­ның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарық көр­геніне бір жыл толады. Онда Елбасы  туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу қажет­тілігін атап айтқан болатын. Осы бір жыл уақыт аралығында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқа­рылған жұмыс­тарға көз жүгіртсек,  рухани дүниемізге қатысты біраз дүниелерді қалыпқа келтіріп, жоғалтып алған ұлттық құндылықтары­мызбен қайта қауыштық. Соның бір парасы үлкенге құрмет десек, Алматы қаласында биылғы жылдың   Қарттар жылы болып жариялануы өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін үлкен өнегелі іс болып отыр. Біз Наурыз мерекесін  ұйым­дастыра отырып, Елбасының  халқы­мыздың алдына қойып отырған ізгі мақсаттарын аудан тұрғындарына   жет­кізу­ді, ұмытылып бара жатқан дәстүр­лерімізді  жаңғыртуға көбірек көңіл бөлдік.   Мысалы, мен бүгін  сахналанған «белтарту» деген жоралғының барын білмейді екенмін.  Көктемде ауырып жатып қалған адамды белінен тартып тұрғызып, оны енді ғана шығып келе жатқан көк шөптің үстімен жүргізудің өзінде табиғат пен адамның байланысын жеткізетін үлкен мән барын ұғынуға болады, – дейді, мерекені тек тойлаумен  ғана емес,  ұлттық құнды­лықтарды ұлықтаумен өткізуге ерекше мән  берген емхананың бас дәрігері Ақмира Садықова.

«Алғабас» ықшамауданына сол күнібір қазақы иіс, ұлттық рух шарлап өткені анық.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *