Диетологтардың айтуынша, айранды кешке ішкен пайдалы

 

Соңғы 5 жылда балалар үйінде тәрбиеле­нушілер саны 57 пайызға төмендепті. Демек, 11 мыңнан 6 мыңға азайған. Туған отбасыларына 2051 бала қайтарылған.

2018 жылдың басынан бері БҚО-ның Ақжайық ауданында 46 мектепте үзіліс кезінде күй ойнайды. Онда 177 күйдің тізімі бар.

Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп, Ильхам Әлиев 7 жылға сайланды.

Алматыда 179 діни бірлестіктер тіркелген.

Қалада 220 мың зейнеткер тұрады.

Өткен жылы веложарысқа 20 мыңнан астам адам қатысты.

Алматы – Ташкент – Алматы жаңа тікелей авто­бус маршрутының жолақысы 4 мың теңге тұрады.

Биыл Оралда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 14 қабатты тұрғын үйдің құрылысы баста­лады.

Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген 18 оқулық 10 мың данамен шығып, студенттерге тегін таратылады. Жаңа 18 оқулықтың таралымы 47 миллионнан асады.

Сенатта кинематография туралы заң талқы­ланды.

Ауылдарда «Туған жер» бағдарламасы аясында 1500 нысан іске қосылды.

Балық құрамында ағзаға қажет бар элементтер бар.

100 жаңа оқулық жобасына 800-ден астам жаңа оқулыққа ұсыныс болған.

Өскемендегі К.Маркс даңғылына Қазыбек би аты берілді. Жалпы, ШҚО-ның үш ауылында кеңес­тік атаулар өзгерді. Өскеменде 20 көшеге жаңа атау берілді.

Парижде аукционда екі динозавр қаңқасы 1,4 миллион еуроға сатылды.

Манго артық салмақтан арылуға, стресстен құтылуға көмектеседі.

Диетологтардың айтуынша, айранды кешке ішкен пайдалы.

Француздың атақты ғалымы Реми Хесс Қазақ­стан мәдениеті туралы кітап жазып жатыр.

ОҚО-ның Түлкібас ауданында өсетін алма Ресейге экспортталады.

Тауық еті ас қорыту жүйесін, қан айналымын, жүрек пен бұлшық еттің жұмысын жақсартады.

Цитрусты жемістер көңіл-күйді көтеріп, имму­ни­тетті күшейтеді.

Елімізде 12 облыста халық саны артты. Көш басында Алматы тұр. Астана екінші орында, ОҚО – үшінші орында.

COOGLE NOKІA бизнестің жартысын сатып алды.

Оқулықтарды аударып, тегін тарату әлемде баламасы жоқ тәжірибе, – деді Р.Кенжеханұлы.

Айыппұлды EGOV.KZ арқылы төлеуге болады.

Киберқатерге қарсы шараларға 71 млрд. теңге бөлінбекші.

Астаналық кәсіпкер бір бөтелке сыра үшін 96 мың теңге айыппұл төледі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *