Бәсекеге қабілетті жастар өсіп келеді

Аман ҚҰЛБАЕВ,

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы Театр өнері факультетінің деканы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  профессор

 

Қазақ елінің болмысы – тілі мен діні, даму процесі ықылым заманнан қалыпөтасқан ерекше өркениет феномені екені білгендерге қағида, ал білмегендерге жұмбақ іспетті.

Сондықтан да Елбасы Н.Наөзарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлттың өткенін тануға һәм келеөшегіне ой тастап, байыппен қарайөтын құнды дүниелер қатарындағы еңбек. Осы маңызды мақалаға әр азаматтың қосар үлесі де көп болуы абзал. «Тіл, тіл» деп тықылөдай бергеннен істің оңалып кеткенін көргеніміз жоқ. Қаншама жыл бойы кириллицамен сауатыөмызды ашқанымызбен, ол қаріптер тек қазақ тілін дамытып, түркі тілдес ұлттар арасында ортақ инструментке айнала алмады. Оның үстіне, қоғамдық саясат билігінің шектеулілігі тізгін ұстата қоймағаны рас. Ал бүгінгі таңдағы латын графикасына көшудің мәні мен мағынасы жаһандану кеөзеңіндегі Елбасымыздың ерлігімен пара-пар. Ол – ұлттық өркеөниеттегі модернизация мен рухани жаңғырудың діңгегі.

Бүгінгі білім саласындағы үш тілді білім беруді дамыту бағдарөламасы жастарға жан-жақты біөлімді, Халықаралық бәсекеге қабілетті тұлға болуды міндеттейді.

Бұл бағдарлама бойынша бізөдің Т.Жүргенов  атындағы Қазақ Ұлттық Өнер акадеөмиясында да елеулі іс-шаралардың өтіп жатөқанын тілге тиек етуге болады. Себебі, тәлім алып жатқан стуөденттер құрамында қазақ, орыс, неміс, кәріс, ұйғыр топтарында өз ана тілдерінде дәріс тыңдап, кәсіби мамандар көмегімен халықаралық деңгейдегі бәсекелестікке лайықты ағылшын тілінде де сөйлеуді үйреніп, сахнадағы қойылымдарда да  аталған тілдер көрініс тауып келеді.

Академияның жоспарлы білім беру бағдарламасы бойынша студенттеріміз АҚШ, Англия, Ресей, Корея, Германия сынды шет мемлекеттерде «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасымен оқуларын жалғастырып жүр.

Өнер саласындағы білім беру реформасын біз әлі де болса толықтырып, өрістетуіміз керек. Әрине, ол ұзақ мерзімді стратегия болғанымен, заман талабы – Рухани жаңғырудың түп қазығы және көпдеңгейлілігі. Десек те, бүгінгі жастардың мәдени интелөлектуалдық деңгейін көтеру керекөтігі тек өнер саласының қайратөкерөлеріне ғана тиесілі емес, ол жалпы отбасынан басталатын құнөдылық. Сондықтан ұрпақ санаөсының салауаттылығына ерте жасөтан, бесіктен қадам жасасақ игі.

Кемел келешегіміздің иелерін, яғни мамандар дайындап жатқан оқу орындарының міндетін түсініп, түйсініп дәріс беретін әріптестерімнің еңбегі орасан зор екеніне толық сенімдемін. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деп тегін тұжырым жасаған жоқ. Бұл – қағида. Ендігі мақөсатымыз – өнер мектептеріндегі білім беру жоспарлары да әлемдік стандарттарға сәйкестендіріліп, адами капиталдық бәсекелікке бейімдеп қызмет атқару. Сонда нарық жүйесіндегі бәсеке де өз шешімін таппақ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *