Бүгінгі жастардың ойлауы да, көзқарасы да жаңаша

Мәншүк БЕКБОСЫН

 

Өткен жылы «Алматы қаласының жастарын қолдау жол картасы – 2020» жоспарлы бағдарөламасының тұсауы кесілген болатын.  Алматы қаласының Өңірлік коммуниөкациялар қызметі алаңында қалалық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Шыңғыс Бескемпіров осы жол картасының аясында атқарылған іс-шаралардың орындалуын баяндап берді.

– Кез-келген мемлекеттің болаөшағы – білімді жастар. Білімсіздің күні қараң. Бүгінгі жаңа ғасыр жастарыөның ойлауы да, көзқарасы да жаңаша. Бұл да заманның бір талабы болар. Бәсекелестік күн сайын күшеюде. Қазіргі бой жарысөтыратын емес, ой жарыстыратын заманда «алма піс, аузыма түс» деп жатудың өзі әбестік, – дейді Шыңғыс Бескемөпіров.

Ең әуелі, бұл жол қартасы негізгі бес бағыт бойынша жұмыс істеуді көздеген. Атап айтқанда, сапалы білім беру, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, мәдени демалысты ұйымдастыру, жас отбасыларына қолдау көрсетіп, оларды баспанамен қамтамасыз ету. Жол картасын жүзеге асыру үшін 7,2 миллиард теңге бөлінген.

Қалада  екі қолға бір күрек таппай жүрген жас маөманөдар қатары аз емес. Ресми деректер бойынша Алөматыда жастар арасындағы жұмысөсыздықтың деңгейі – 6,7 пайыз, ал ел бойынша орташа деңгей – 4,1 паөйызөды көрсетіп отыр. «Алматы қаласыөның жастарын қолдау жол картасы – 2020» жоспарлы бағдарлаөмасы аясында жас мамандарды жұмыспен қамтуға септігін тигізетін бірқатар бағдарлаөмалар қарастыөрылған.

Солардың бірі – «Жастарды қысқа мерзімді кәсіби оқыту» және «жастар тәжірибесін» енгізу болаөтын. Аталған жоба бойынша өткен жылы 8 мыңнан астам адам жұмысөпен қамтылыпты.

Бұдан өзге әлеуметтік сауалнама бойынша 35 жасқа дейін жастардың 80 пайызы тұрғын үйге мұқтаж.

– Өткен жылы «Алматы жастары» жеңілдетілген баспанамен қамту жобасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы несиемен баспана алудың алғашқы қадамдары жасалды. Жергілікті бюджеттен арнайы жоба үшін бір миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінді. Төмен пайыздық мөлөшерөлеме – 10 млн. теңгеге дейінгі неөсиеөөлер жылына 5 пайыз өсіммен беөрілді. Жобаға қала бойынша 6657 адам қатысқан еді. Соның ішінде 100 жас отбасы жаңа қоныс иесі атанды, – деді Шыңғыс Бескемпіров.

Биыл «Алматы жастары» жеңілөдеөтілген баспанамен қамту жобасы аяөсында жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге қаржы бөлінбек.

Алматы қаласының студенттеріне 2020 жылға дейін 20 жаңа жатақхана салу жоспарланған. Жыл соңына дейін 5 жатақхананың құрылыс жұмыстары аяқталады.

Бұдан өзге, «Алматы қаласының жастарын қолдау жол картасы – 2020» аясында Алматыдағы бұрынғы трамвай депосының орнына жастарөдың Лофт-орталығы ашылды. Мұнда жастарға қызмет көрсету аймағы, коворкинг орталық, 5 шеберхана, оқу және конференц залдары, Englіsh club, мемлекеттік тілді оқыту орталығы, 10 білім секциясы жұмыс істейді.

Негізі, қалада шамамен 25-ке жуық белсенді жастар ұйымы жұмыс істейді. Олардың қатарында Жастар ісі жөніндегі кеңес, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, Жастар ресурстық орталығы бар. Сонымен қатар,  қаладағы жоғары оқу орындарының студент-жастарыөнан құралған «G38» клубы жұмыс істейді. Волонтерлық және дебат клубтары белсенді қызмет атқарып келеді.  Жыл сайын жастар форумы, білім және ғылыми-инноөвациялық көрмелер, студенттік фестивальдер, «CreatіveZone» шығармашылық жобалар, дөңгелек үстелдер, пікірөсайысөтар, жастардың флеш-мобтары және көптеген қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады.

 

КЕРЕК ДЕРЕК

 

Алматыда 14–35 жас аралығындағы жасөтардың жалпы саны – 777 909 адамды құрайды. Бұл – жалпы халық санының 45,2 пайызы екен. Соңғы бес жылда жастардың үлесі 10 пайызға өскен. Бұл туу және көші-қон көрсеткішінің тұрақты өсуімен түсіндіріледі.

 

Алматыда 206 036 жас білім алуда. Соның ішінде 138 183-і университет студенттері болса, 67 853-і колледждің студенттері.

 

«Алматы қаласының жастарын қолдау жол картасы – 2020» жастарға арналған үш мыңнан астам іс-шараларды (375 – идеологиялық және тәрбиелік, 800 – мәдени-көпшілік, 500 – діни профилактикалық, 250 – кәсіптік бағдар, 100 – жастар кәсіпкерлігін дамыту, 100 – тіл саясаты) ұйымдастыруды көздейді. 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close