Банан – әлемдегі аллергия тудырмайтын жалғыз жеміс

Алматыда 50 мың студент жатақханаға тапшы.

Бұған дейін 2 мың орындық жатақхана салынса, енді 20 мың орындық жатақхана салынбақшы.

Қырғыз президенті С.Жээнбеков туыстарын қызметке алмайтынын айтты.

Ішкі істер органдарында 12 мыңнан астам әйел қызмет істейді.

Елімізде 150 жоғары оқу орны болса, оның 38-і Алматыда орналасқан. Онда 200 мың студент оқиды.

Қызылордада 100 жастан асқан 20 адам тұрады.

Елімізде 236 мыңнан астам көпбалалы ана бар.

«Алматы жастары» бағдарламасын жүзеге асыруға 2 млрд. теңге бөлінді.

Алматы колледждерінде 27 мыңнан астам жас тегін білім алады.

90 мыңнан астам алматылықтарға нақты әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Қалалық қоғамдық көліктерге 15 млрд. теңге субсидия бөлінеді.

Алматыда өткен жылы 1,9 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды.

Ақтау қаласында заттарды тегін беретін дүкен ашылады.

Қызылорда қаласындағы №267 орта мектептің 6-сынып оқушысы Алтынай Беріктің «Ертегілер» атты кітабы жарыққа шықты.

Моңғолияда Наурыз айтысы мен жыр мүшәйрасы өтеді.

Оңтүстік Кореяның экс-президенті отыз жылға сотталуы мүмкін.

Қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз бара алады.

Еліміздің ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» фестивалі басталады.

Головкиннің Альвареспен кездесуі 5 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді.

Егер глицеринмен сүртсеңіз, көзәйнегіңіз буланбайды.

Банан – әлемдегі аллергия тудырмайтын жалғыз жеміс.

Социалистік Еңбек Ері Шырынкүл Қазанбаева 100 жасқа қадам басты.

Қытайда салынып жатқан олимпиада қалашығынан император сарайының орны табылды.

Қытайдағы оқу мекемелеріндегі ағылшын тілі бойынша тесттік тапсырмаларға Димаш Құдайберген туралы сұрақ енгізілді.

Қатонқарағай ауданына былтыр Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысынан жеті отбасы көшіп келіп, жұмысқа орналасты.

Биылдан бастап тұрғын үйдің бір шаршы метрі шамамен 260063 теңге болады.

Тұңғыш Еуропол басшысы қызметіне Картин де Болль атты әйел сайланды.

Елімізде өз ісіне салғырт қараған автобус парктерінің 190 лауазымды тұлғасына 6 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған. Жыл сайын автобус жүргізушілерінің қателігінен 500 жол-көлік оқиғасы болып, 60-қа жуық адам қаза тауып, 800-ден астам жолаушы түрлі жарақат алған.

«Отырарды қорғау» анимациялық фильмі көрерменге жол тартады.

Үндістанның белгілі актрисасы Дипика Какар мұсылман жігітімен көңіл жарастырып, ислам дінін қабылдады.

Өзбек имамы түрік сериалдарының ұлтына кесірін тигізіп жатқанын айтып, дабыл қақты.

Қызылордада жас жұбайлар кортежден бас тартып, жұртқа өнеге көрсетті.

Әлемдегі ең қауіпті қалалардың тізімі жасалды.

Қанат Ислам АҚШ-та өзінің промоутерлік компаниясын ашты.

Танымал боксшылар Альваресті өмір бойына спорттан шеттетуді ұсынды.

Жириновский Собчакты көшедегі қаңғыбасқа теңеді.

Тауық еті ас қорыту жүйесін, қан айналымын, жүрек пен жүйке жұмысын жақсартады.

Әзербайжанда президенттікке үміткерлерді тіркеу басталды.

Қызылордада жас жұбайлар мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасады.

Елімізде кәсіпкерлердің 47 пайызын әйелдер құрайды.

Павлодарда 100 жасқа келген кейуананың 28 шөбересі бар.

Елімізде 2 млн.-нан астам тұрғынның жалақысы 60 мыңнан төмен.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close