«Ақылы асқан» бес шаһар

Қытайдың 1,6 миллион халқы бар Инчуань шаһарында әлем бойынша қолма-қол ақшаны мүлдем қолдан­байды. Күлімсіреген күйі дүкенге, не болмаса автобусқа кірсеңіз болды, бет-әлпетіңіздегі көріністі тура анықтайтын арнайы қондырғы жолақыңызды, төлемді есеп-шотыңызды өзі-ақ шыртылдатып санап ала береді.

Ал 3000 халқы бар Фудзисавада (Жапо­ния) 600-дей тұрғын үй бар. Бұл Токиоға таяу маңда салынған ауасы таза, тұнық, көк жасылға бөленген экоқала. Бір қараған жан «жұмақ» деген осы жер деп те ойлауы мүмкін. Мұндағы үйлерге жылу қуаты күн сәулелерінен күш алатын батареялар арқылы беріледі. Бұл электр қуатын үнемдеудің бірден-бір жолы. Ал енді кір жуатын машинаның ақылына сөз жетпейді. Ол кірдің көлемін, оған кете­тін судың мөлшерін, ұнтақтың шығы­нын бәрін өзі белгілеп, анықтайды. Ал көше бойындағы шамдар тұсынан қарайған кісі өтпей жанбайды.

Ұлыбританияның Милтон-Кинс шаһарында 192 мың адам тұрады. Мұнда өзге елдердің, әсіресе Қытайдың кейбір шаһарындағыдай тек екі кісі мінетін электромобильдер үйреншікті көлікке айналған. Мұндағы рұқсат етілген жылдамдық сағатына – 24 шақырым. Оның батареясы 64 шақырымға дейін жетеді. Мұндай қалада кептеліс деген түсіне де кірмейді.

Ал енді Сингапур туралы аузыңның суы құрып айтуға болады. 5,5 миллион тұрғыны бар шаһарда жасы келген кісілер жедел жәрдем шақырып жат­пай­ды. Өйткені, олардың пәтеріне «ақылды» қондырғылар қойылған. Мәселен, бір кісі құлап, жарақат алса әлгі қондырғы өзінен-өзі қосылып, ауруханаға белгі беріп, безілдеп қоя береді. Сонсоң науқас ем-домын ала бастайды. Бұл әлемдегі телемедици­наның ең үздік үлгісі деп айтуға болады.

Оңтүстік Кореяның Сонгдо шаһа­рында 90 мың адам тұрады. Бұл қаланың ерекшелігі адамдардың негізгі көлігі велосипед, олар аялдамада автобус күтіп тұрмай-ақ қаланың кез-келген бұры­шына 10–15 минутта жетіп барады. Қо­лыңыздағы карточкаңызды кез-келген қызмет түріне пайдалана бересіз. Ол пәтеріңіздің де кілті қызметін атқарады. Жазатайым оны жоғалтып алған бол­саңыз, есіктің коды жедел түрде өзгеріп кетеді. Бұл қалада жаңбыр жауғанда біздегідей көше көл болып кетпейді. Әр бұрышта, көше бойында үлкен ыдыстар қойылған. Сол ыдыс толы суды бау-бақ­ша суаруға, көше жууға, т.б. пай­даланады. Бұл құдығыңыздағы, пәтері­ңіздегі суды үнемдеудің де бір жолы, тәсілі.

 

А.ЫРЫС.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close