Ағаш кесу – кешірілмес қылмыс

Алматы ТМД көлеміндегі экологиясы ең ауыр шаһар­лардың бірі саналады. Қала­дағы көлік санының өзі мил­лион­ның ар жақ бер жағында деген де деректер  бар. Қазір қала басшылығы қаланың урбанизациялық архитек­турасымен қоса, экологиялық тазалығына да ерекше көңіл бөліп отыр.

Алматыдағы ауаның таза­лы­ғын реттейтін бірден-бір кепіл – оның өскіндері мен тал-терегі. Соған қарамастан қалада экологиялық тазалық­тың бірден-бір мүмкіндігі есебінде саналатын ағаштарды ретсіз кесу оқиғалары кезде­суде.

Басшылық соңғы кезде ондай браконьерлік әрекет­тер­ді тоқтатуға бағытталған қатаң шаралар жүргізіп отырға­нын айта кету керек.

Мәселен, өткен айда Райымбек көшесіндегі бір тұрғынның өз үйінің аула­сын­дағы екі ағашты заңсыз кескені туралы мәлімет түсті. Оқиға орнына арнайы барған маман­дар екі бірдей Тянь-Шань шыршасының кесілген түбірін көріп жағасын ұстады.

Заң бойынша ауладағы ағашты кесу үшін де арнайы рұқсат керек. Оқырмандардың осы бір жәйтті біліп жүруі маңызды болмақ.

Аталмыш тәртіп бұзу­шы­лығы үшін әлгі азаматқа 15 МРП мөлшерінде айып салын­ды. Оған қоса, әлгі азамат оталған ағаштың орнына жаңа өскін отырғызуға міндеттелді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *