«Атакент» ҚІСО аумағы қала меншігіне қайтарылатын болды

Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

 

Жұмыс сапары барысында шаһар басшысы Бауыржан Байбек «Атакент»   Қазақстанның іскерлік серіктестік орта­лығы мен оның айналасын аралап көріп шықты. Орталықтың бүгінгі жай-күйімен танысқан қала әкімі басқарушы компа­нияның аймақты дамыту жөніндегі міндет­терді орындамағаны үшін тиісті басқарма­ларға жалға беру келісімін бұзу және жерді қаланың коммуналдық меншігіне қайтару туралы мәселе көтеруді тапсырды.

– Кезінде «Атакент» айналасы жасыл желекке оранып, мұнда адамдар отбасымен серуендеуге келетін. Бұрын каскадты субұрқақ бар еді, ал қазір оның бәрін асфальт­тап, көлік тұрағы мен базарға айналдырған. Басқарушы компания осы аумақты дамыту жөнінде қалалықтарға үлкен уәде берген болатын. Алайда, көріп отырғанымыздай, соңғы жылдары ештеңе атқарылмаған, – деді Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ, қала әкімі кешен айнала­сындағы асфальт төселген жерлерді азай­тып, ондағы жасыл желекті көбейтуді, аумақты жасылдандыруды тапсырды. Газондардың үстінде орналасқан түрлі конструкциялар мен құрылыстарды алып тастап, орындарына ағаш отырғызуды, жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болу үшін онда орындықтар мен қоқыс жәшіктерін қою керектігін айтты. Серуендеп жүрген демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орталық кіреберістеріндегі көлік тұрағы алынады және орталық аума­ғына көлік кіруге тыйым салынатын болды. Шаһар басшысы жұмыс сапары кезінде Тимирязев және Әуезов көшелерін абат­тандыру бойынша да бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close