Аспанның түбі тесіліп кеткендей

Ақ жауын үздіксіз ұзақ жауған жауын. «Мына жауынның толастай­тын түрі жоқ. Бүгін жолға шықпай-ақ қойғандарың жөн болар» («Оңтүстік Қазақстан»).

Ағын судай екпіндеді мейлінше тегеурінді қарқындылық.  «Ағын судай екпіндеп, Лайы жоқ суатым. Ауру да емес, сау да емес, Құрыды әл-қуатым» (Абай).

Ағыны тас ағызды – өжет те қайсар кісі туралы айтылады. «Дулат­ты Дулат демеңіз, Тас ағызып ағыны. Төре алдында ақпаса» (Дулат Баба­тайұлы).

Аспанның түбі тесіліп кеткендейқатты, толассыз жауған жауын. «Биыл нақ алма гүлдегенде, Құдайы құрғырдың аспаны тесіліп кеткендей, жаңбыры шелектеп құйғанын айт­саңшы» (Балғабек Қыдырбекұлы).

Аспан шайдай ашық көкте бір шөкім де бұлт жоқ деген мағынада айтылады. «Тағы да көктем, Ертістің сірескен қалың мұздары қапталдай аққанына талай күн болды. Аспан шайдай ашық (Ә.Баймұрзин).

Бұлт ала, жер шола табиғат­тағы өзгеріс туралы айтылады. «Тым болмаса болмады, бұлт ала, жер шола» (Абай).

Бұлт үйірілді – қауіп-қатер төнді. «Ана жолы қыз үшін төбелес салып, бір балықшы қаза тап­қаннан бері бұлардың ауылына бұлт үйірілді» (Әбді­жәміл Нұр­пейісов).

Бұлт қапқан аспанмен таласқан, зәулім-биік. «Болат ірге қалаймыз, Жаңа тұрмыс үйіне. Бұлт қапқан үй саламыз, Іске тастай түйіле» (Сәкен Сейфуллин).

Жауатын бұлттай түнердіжой­қын, қаһарлы деген мағынада. «Шын қаһары келгенде, Жауар күндей торлаған. Кетер құстай қомданған» (Ауыз әдебиеті). «Мұны біліп Зарлық хан, Кірді енді күшіне. Жауатын бұлттай түнеріп, Сөйлемеді кісіге. Адам қарап бол­май­ды, Зарлықтың сонда түсіне» («Мұң­лық – Зарлық»).

Жердің миы шықтылайсаң, бат­пақты, жүріп-тұруға қолайсыз күн туралы айтылады. «Көктем жауын-шашынды болғандықтан жердің миы шығып, совхоздар мен аудан орталы­ғы­ның қатынасы үзіліп қалды» («Ленин­шіл жас»).

Күн бір жауса, терек екі жаудыжауынды күндер туралы айтылады. «Мың асқанға бір тосқан деген. Күн бір жауса, терек екі жауып… Онсыз да елдің жылауы, дерті аз болып тұрған жоқ бұл күнде, көз шұқымасаңдар етті тым құрымаса» (Мұхтар Әуезов).

Күн жаудыжауын жауды. «Көг­ала бұлт сөгіліп, Күн жауады кей шақ­та. Өне бойың егіліп, Жас ағады ау­лақта. Жауған күнмен жаңғырып, Жер көгеріп күш алар. Аққан жасқа қаң­ғырып, Бас ауырып, іш жанар» (Абай).

Күн жауғандабасқа іс түскенде деген мағынада айтылады. «Әркімде-ақ бар ғой туысқан, Қайсысы жауды қуысқан. Күн жауғанда қойныңда, Күн ашықта мойныңда» (Абай).

Күн жаумай су болдықиындық іс түскенде берекесі кетті. «Неге екені белгісіз, Олжайдың ұнжырғасы бұ­рың­ғыдан бетер түсіп кетті. Сәуле оның күн жаумай су болып тұрған түсін ұнатпаса да жылы шыраймен қарсы алды» (Әлжаппар Әбішев).

Қабағы ашылдыашық күн райы. «Бүгін күннің қабағы ашық екен. Ойға алған шаруаны орындап тастау­ға қолайлы-ақ» («Оңтүстік Қазақ­стан»).

Қара жаңбырнөсерлі қалың жауын. «Қара жаңбыр төпеп құйып, базардағы киімі жұқаларды еріксіз қалаға айдады» (Сәбит Мұқанов).

Қызыл судай жүрдіекпіні қат­ты. «Мына отырғандар кеңес зама­нында да соны істеді. Әрқайсысы бір болыстың, рудың үстінен қызыл судай жүргендер» (Ғабиден Мұста­фин).

Нұр жаудыбасына бақыт, құт-береке қонды. «Абжыландай ағылып, Өлең келді алқымнан. Көп дулаттың баласы, Басыңа сенің нұр жауып, Қыдыр болдың халқыңнан» (Шөже ақын).

Нұр жаусынбақытты бол деген мағынада айтылатын бата, алғыс-тілек. «Шырағым, бет алдыңнан нұр жаусын, басқан жеріңе гүл бітсін, келген жеріңе құт-береке дары­сын!» (Ауызекі сөз).

Үсті-басы малмандай сутұла бойы, бар киімі су деген мағы­нада айтылады. «Кей тұсқа келгенде суды кешіп отырады. Ондайда дөңбек толқын түйіп қап, ұшырып кете жаздайды, үс­ті-басы малмандай су» (М.Ақын­­­жанов). «Жаңбыр ше­лектеп құйып тұр. Жер ми батпақ. Толар­сақтан батпақ кешіп келеміз. Үсті-басымыз малмандай су» (Өтебай Қа­нахин).

Әзірлеген –

Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *