Алматы – өндірісті  аймақ

Мегаполисте биылғы жылы бірқатар ірі өндіріс нысандары салынады

 

Биылғы жылы алып шаһарда «Алма­тыны дамытудың 50 жоба-драйверлері» бағдарламасы аясында бірқатар ірі өндіріс нысандарын салу жоспарлануда.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы Индус­триалды аймақтың инфрақұрылым­дары­ның құрылысын тексерді. Мұнда құрылыс, фармацевтика, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының 40-тан астам отандық және  шетелдік жобалар жүзеге асуда.

Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек  ең алдымен газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған үлкен диаметрлі болат құбырлар шығаратын еліміздегі алғашқы жоғары технологиялы зауыттың  құрылыс алаңында болды. Қазақ­стан–Қытай «Asіa Steel Pіpe Company» кәсіпорнының іске қосылуы Қазақстанға сырттан әкелінетін құбыр өнмідерінің 60%-ын қамтамасыз  етеді.

Қала  әкімі кабель желілерін шығаратын ресейлік компанияның «КМК Іnvestment» зауытының,  Жапониядан тыс жерде бала­масы жоқ инженерлік желілердің  қауіп­сіздігін қамтамасыз ететін «Tokyo Rope Almaty» зауытының құрылыс қарқынымен танысты.

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек  өнді­рістік қуаты қаланың қалдықтарын толық өңдейтін қалдық  сұрыптайтын кешенді  аралап көрді.

Жобаны жүзеге асыру барысында ТҚҚ жинайтын, тасымалдайтын, сұрыптайтын басқару кешенін енгізу жоспарланған. Бұл өз кезегінде айнала қоршаған ортадағы экологиялық жүктемені азайтады.

Жұмыс сапары барысында  шаһар басшысы  200 жолаушы автобусына есеп­телген №3 коммуналды автобус паркінің құрылысымен де танысты.

Жаңа автобус паркі бір мезетте 10 авто­бусқа қызмет көрсететін газ қондырғы­ларымен жабдықталады. Автобус паркінде  техникалық қызмет көрсету, көлікті жуу, жүргізушілер тынығып, ұйықтайтын әкімшілік-тұрмыстық блок  нысандарын салу қарастырылған.

Бүгінде Алматы «Төртінші өнеркәсіптік революция»  жағдайында өндірістік мега­полиске айналып, дамудың жаңа жолына түскен.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close