Алматы велосипед тізгіндейді

Мегаполисте велошерудің жаңа маусымы басталады

Сәуірдің 15-і  күні «Спорттық Алматы» бұқа­ралық спортты дамыту жобасы аясында дәстүрге айналған велошеру маусымының  ашылуы өтеді.

 «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан бастау алып, Тұңғыш Президент саябағында аяқталатын 9 шақырымдық қашықтыққа кез-келген қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Спорттық шара  09.00-де басталады.

Мәреде қатысушылардың арасында баға­лы сыйлықтар мен велосипедтер ойнатылады. Сонымен қатар, «Shamsі» тобы және әнші Adіme өз өнерлерін ортаға салады. Одан кейін  велошеру «Almaty Street Fіtness» бағ­дарламасымен жал­ғасады. Кез-келген адамға фитнес-нұсқаушылар пайдалы кеңестер айтып, жаттығулармен таныс­тырады.

Ұйымдастырушылар барлық келем деушілерге өзінің қауіпсіздігі үшін арнайы шлем киіп келулерін сұрайды.

Айта кетер жәйт, осы велошеру «Спорт­тық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің  біріншісі.

Былтырғы маусымда  барлық велошеруге жалпы саны 21 мың адам қатысқан болатын.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *