Алматының бұрынғы келбетін қайтаратын кез келді

Қала әкімі Бауыржан Байбек мегаполистегі Абай, Абылай хан, Желтоқсан, Назарбаев даңғылдарын аралап шықты. Жұмыс сапары барысында шаһар басшысы қаланың тиісті басқармалары мен коммуөналдық қызметтеріне бұрыннан бар субұрқақтарды қалпына келтіруді, жүргіншілер аймағын кеңейтіп, мекемелер маңындағы жасыл желекті ретке келтіріп, тарихи ғимараттардың сыртына ежелгі келбетін қайтаруды тапсырды.

–       Қаланың тарихи орталығын жаңарту –  жақын арада атқаратын үлкен жұмыстың тек бастамасы ғана. Қазір әр-әр жерде үйілген асфальтты, жаяу жүруге арналған аймақтарда түсініксіз құрылыстарды, адамдардың жүріп-тұруына кедергі келтіретін жүйесіз көлік тұрағын, ұсқыны кеткен тарихи ғимараттарды  байқамау мүмкін емес. Енді әр квартал, әрбір  көше жөнделіп, ретке  келтіріледі. Алматының бұрынғы келбетін қайтаратын кез келді, – деді  қала әкімі Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, күрделі жөндеуден өтетін бірқатар жерасты өтпелі жолдарды аралаған шаһар басшысы құрыөлыс кезінде жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуді тапсырды.

Жалпы, үстіміздегі жылы қаланың тарихи орталығын жаңарту жалғасын табады.  Ғимараттардың сырты жаңаөрып, жаяу жүргіншілер аймағы кеңейіп, барлығы сәулетөтік сипат алмақ. Аталған жоба  Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы мегаполисті модернизациялау және одан әрі экономикалық дамытуға қатысты жасалған «Алматыны дамытудың 50 драйверінің» бірі болып табылады.

Бұған дейін қала әкімі Бауыржан Байбек  жаяу жүргіншілерге арналған жерде түрлі құрылыс жүргізіп, жүргіншілерге кедергі келтіретіндерді анықтау жөнінде тапсырма берген еді. Стихиялы тұрақтардың алдын алу, жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру үшін көше қозғалысы қысқарып, тротуарлар абаттандырылады.

Биыл Алматыда  ұзындығы 155 шақырым болатын 157  көше жөнделеді. Сондай-ақ, Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі трамвай жолдары алынады. Жол жиегін жөндеу барысында тротуарлар абаттанөдырыөлып,  арық жүйелері ретке келтіріліп, қолданылмайтын конструкциялар жойылады. Сонымен қатар, көлік тұрақтары көшені бойлай орналасатын болады.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *