Алматының «балық баласы» – абсолюттік чемпион

 

Жүзуден Рио олимпиадасының чемпионы, Алматы ұланы Дмитрий Баландин Испанияның Ашық чемпио­натында үшінші алтынын алып, абсолюттік чемпион атанды.

Қазақстандық чемпион үшінші алтынын брасс әдісімен 100 метрге жүзу жарысында жеңіп алды. Қашықтықты 1:00:43 уақытпен жүзіп өтті.

Осы күні қазақстандық Әділбек Мусин 100 метрлік баттерфляй жарысында күміс жүлделі болды.

Дима бұған дейін 50 және 200 метрде брасс әдісімен жүзуде қос алтын алған болатын. Осылайша Рио қаһарманы Д.Баландин Испания Ашық чемпионатының абсолюттік чемпионы атанды.

 

Керек дерек:

 

* Дмитрий Баландин 1995 жылы Алматыда туған.

* Бойы 1,95 метр, салмағы 90 кг.

* Жүзуден Еңбек сіңірген спорт шебері.

* Олимпиада чемпионы (2016 ж.)

* Азиаданың 3 дүркін чемпионы (2014 ж.)

* Универсиада чемпионы (2015 ж.).

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *